О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 71 "Об утверждении Инструкции о формах, сроках и периодичности представления отчетов и дополнительной информации ликвидационными комиссиями накопительных пенсионных фондов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 71 "Об утверждении Инструкции о формах, сроках и периодичности представления отчетов и дополнительной информации ликвидационными комиссиями накопительных пенсионных фондов"
- Атауы (қаз.)
- "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 81
- Қабылданған күні
- 25.03.2006
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2013 AI27457_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004211_
- ЭКБ идентификаторы
- 27457
- Редакция идентификаторы
- AI27457_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:42
0
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 71 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2802 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы Нұсқаулықта:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 331 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3346 тіркелген) Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беру ережесінің 2-тармағында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 175 қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3384 тіркелген) Жинақтаушы зейнетақы қорларының ай сайын қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы Нұсқаулықтың 3-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген есеп беру ерікті таратылып отырған қордың зейнетақы активтері басқа қорларға аударым жасалғанға дейін;";
7-тармақта:
6) тармақшадағы "активтері" сөзінің алдынан "ерікті таратылатын қордың" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы "төлемдері" сөзінің алдынан "ерікті таратылатын қордың" деген сөздермен толықтырылсын;
29-тармақтың 3) тармақшасы "активтер" сөзінен кейін "ерікті" деген сөзбен толықтырылсын;
5-қосымшаның 2-реттік нөмірі бар жолдағы "оның ішінде берешектер" деген сөздер "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер," деген сөздермен ауыстырылсын;
15-қосымшаның кестесінің атауы "тарату комиссиясы" деген сөздердің алдынан "ерікті таратылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
16-қосымшаның кестесінің атауы "тарату комиссиясы" деген сөздердің алдынан "ерікті таратылатын" деген сөздермен толықтырылсын.