О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 15 октября 2004 года № 538/11 "Об утверждении правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 15 октября 2004 года № 538/11 "Об утверждении правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующими материалы эротического характера"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" № 538/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 143/2
- Қабылданған күні
- 30.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 64039_251193.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PC000322
- ЭКБ идентификаторы
- 64039
- Редакция идентификаторы
- 64039_251193
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:13
0 Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" N 538/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, 37-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2776 болып тіркелген, 2004 жылғы 2 желтоқсанда N 49 "Вести Экибастуза" және N 49 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 538/11 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы:
"(Е.М. Қабдылов)", "(Ж.С. Рахымбаева)" сөздері алынып тасталсын;
"Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімімен" сөздері "Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасымен" сөздерімен ауыстырылсын;
эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасына қосымшадағы "Ленин" сөзі "Мәшһүр Жүсіп" сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Екібастұз қаласы ішкі істер
басқармасының бастығы
Д. Сиразидимов
2012 жылғы 30 қаңтар