Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года N 1036

Қаулы · № 328 · қабылданған 08.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2005-n-1036-ekb-38745/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года N 1036 Күшін жойған Қаулы ·№ 328 ·08.04.2008
31.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года N 1036

Күшін жойған Қаулы ·№ 328 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года N 1036
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
328
Қабылданған күні
08.04.2008
Көрсетілген редакция
31.12.2013 AI38745_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P080000328_
ЭКБ идентификаторы
38745
Редакция идентификаторы
AI38745_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:41

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбындағы "аумағынан" деген сөзден кейін "шикі мұнай мен" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспедегі "Мұнай өнімдерінің" деген сөздердің алдынан "Шикі мұнай мен" деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 3-тармақтардағы "әкетілетін" деген сөзден кейін "шикі мұнай мен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды төлеуден босату көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне қатысты қолданылмайды.";
көрсетілген қаулыға қосымшада:
тақырыбындағы "әкетілетін" деген сөзден кейін "шикі мұнай мен" деген сөздермен толықтырылсын;
мына:
"СЭҚ ТН бойынша тауардың Тауардың қысқаша Баж ставкасы (1000 кг
жіктеуіші атауы* үшін доллармен)"
деген тақырыптан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2709 00 900 0 Шикі мұнай 109,91
27,43*****";
мына:
"2710 19 610 0- Ауыр дистилляттар: 82,2
2710 19 690 0**** сұйық отын "
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2713 11 000 0-2713 90 Кокс және мұнай 82,2
900 0 битумы ";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"***** - экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына ренталық салық төлеушілер үшін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "әкетілетін" деген сөзден кейін "шикі мұнай мен" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "кезде" деген сөзден кейін "шикі мұнай мен" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы "кезде" деген сөзден кейін "әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "Кедендік" деген сөздің алдынан "Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасының бағалар мониторингі кезеңі ішінде әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкалары 1 тонна үшін 138,6 доллардан астам қалыптасқан кезде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.";
көрсетілген Ережеге 1, 2, 3-қосымшалардағы "әкетілетін" деген сөзден кейін "шикі мұнай мен" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2713 11 000 0-2713 90 900 0 Кокс және мұнай битумы";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетіне Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкаларын есептеу формуласы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
N 328 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасының
кедендік аумағынан
әкетілетін шикі мұнай мен
мұнайдан жасалған
тауарларға кедендік баж
ставкаларын есептеу ережесіне
4-қосымша
Әкетілетін шикі мұнайға қатысты кедендік баж ставкаларын есептеу формуласы
Ши­кі мұ­най­ға ар­нал­ған
ор­та­ша на­рық­тық ба­ға,
тон­на­сы­на дол­лар­мен
Ке­ден­дік баж став­ка­сын
есеп­теу фор­му­ла­сы
138,6-дан 438 дей­ін (қо­са
ал­ған­да)
Қа­лып­тас­қан әлем­дік ба­ға мен
138,6 ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­дан
5,0%
438-ден 547,5 дей­ін (қо­са
ал­ған­да)
Қа­лып­тас­қан әлем­дік ба­ға мен
438 ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­дан
14,97 АҚШ дол­ла­ры +22,83%
547,5-тен 657 дей­ін (қо­са
ал­ған­да)
Қа­лып­тас­қан әлем­дік ба­ға мен
547,5 ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­дан
39,97 АҚШ дол­ла­ры +38,21%
657-ден 766,5 дей­ін (қо­са
ал­ған­да)
Қа­лып­тас­қан әлем­дік ба­ға мен
657 ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­дан
81,81 АҚШ дол­ла­ры +48,48%
766,5-тен 876 дей­ін (қо­са
ал­ған­да)
Қа­лып­тас­қан әлем­дік ба­ға мен
766,5 ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­дан
134,90 АҚШ дол­ла­ры +55,82%
876 астам
Қа­лып­тас­қан әлем­дік ба­ға мен
876 ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма­дан
196,03 АҚШ дол­ла­ры +61,34%

Қолданыстағы