Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление от 15 марта 2005 года N 406 "О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования"

Қаулы · № 632 · қабылданған 10.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2005-n-406/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление от 15 марта 2005 года N 406 "О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования" Күшін жойған Қаулы ·№ 632 ·10.03.2009
15.06.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление от 15 марта 2005 года N 406 "О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования"

Күшін жойған Қаулы ·№ 632 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление от 15 марта 2005 года N 406 "О мерах по социальной защите от безработицы целевых групп населения и правилах их финансирования"
Атауы (қаз.)
"Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы" 2005 жылғы 15 наурыздағы N 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
632
Қабылданған күні
10.03.2009
Көрсетілген редакция
15.06.2010 AI45255_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VC000070
ЭКБ идентификаторы
45255
Редакция идентификаторы
AI45255_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:36

0 "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы" 2005 жылғы 15 наурыздағы N 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды жоғарлату және әлеуметтік қызметтерді көрсету сапалығын жақсарту бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімінің тапсырмасын орындауында, халықтың мақсаттық топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды ұйымдастыру мақсатында, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Халықтың мақсатты топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар және оларды қаржыландыру Қағидалары туралы" әкімдіктің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 406 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 18 сәуірде 2290 нөмірімен тіркелген, "Дидар" газетінде 2005 жылғы 19 шілдедегі 71 нөмірінде, "Рудный Алтай" газетінде 2005 жылғы 06 қыркүйектегі 136 нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) актінің тақырыбында "Қағидалар" сөзі "Нұсқаулық" сөзіне ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 1-3 қосымшаларында, барлық мәтін бойынша "Қағидалар" сөзі "Нұсқаулық" сөзіне ауыстырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші қосымшасында "Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша Нұсқаулықта":

"Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру деген екінші бөлімде:
жетінші тармақтың екінші абзацында "6 ай мерзіміне дейін" сөздері "4 ай мерзіміне дейін" сөздерімен ауыстырылсын;
он бірінші тармақта "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" сөздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен" сөздерімен ауыстырылсын;
он төртінші тармақтың екінші абзацында:
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен" сөздері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен" сөздерімен ауыстырылсын;
"Жастар іс-тәжірибесін Қаржыландыру" деген үшінші бөлімде:
"Жастар іс-тәжірибесіне қатысушыға еңбек төлемі" деген жиырмасыншы тармақта:
бірінші тармақшада "1 ең төмен жалақымен" сөздері "1,2 ең төмен жалақымен" сөздерімен ауыстырылсын;
екінші тармақшада " 1,2 ең төмен жалақысы" сөздері "1,5 ең төмен жалақысы" сөздерімен ауыстырылсын;

3 3) көрсетілген қаулымен бекітілген үшінші қосымшасында "Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеу Нұсқаулығында":

"Шығындарды өтеу өлшемі" деген төртінші бөлімде:
"Шығынды бөлшектеп өтеу" деген он екінші тармақта:
бірінші тармақшада "бірақ бір айда үш айлық есептік көрсеткіштен артық емес" сөздері "алты айлық есептік көрсеткішке дейін" сөздерімен ауыстырылсын;
екінші тармақшада "бірақ бір айда екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес" сөздері "алты айлық есептік көрсеткішке дейін" сөздерімен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау әкім орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы