О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1162
- Қабылданған күні
- 05.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2013 AI42644_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080001162_
- ЭКБ идентификаторы
- 42644
- Редакция идентификаторы
- AI42644_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:28
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтағы "тоқсан сайын" және "тоқсаннан" деген сөздер "ай сайын" және "айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымшада :
"СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші" деген бағандағы "2710 19 310 0" деген сандар "2710 19 410 0" деген сандармен ауыстырылсын;
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
"Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)" "139,79", "57,31*****", "143,24", "95,49", "95,49";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2710 19 310 0 - 2710 19 350 0 Ауыр дистилляттар: газойлдар 95,49";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде :
3-тармақтағы "мониторингінің" деген сөздің алдынан "ай сайынғы" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден баждарының бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі.";
4-тармақтағы "Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша" деген сөздер "Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға" деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы" деген сөздердің алдынан ", сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада кіріспедегі "тоқсан" деген сөз "ай" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада :
"СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші" деген бағандағы "2710 19 310 0" деген сандар "2710 19 410 0" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2710 19 310 0-2710 19 350 0 0,8 0,5 х (0,35 + 0,4)/2 х 0,8 = 0,15".