О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1234
- Қабылданған күні
- 24.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2013 AI42908_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P080001234_
- ЭКБ идентификаторы
- 42908
- Редакция идентификаторы
- AI42908_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:14
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтағы "мониторингінің" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - бағалар мониторингі)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) бойынша және шикі мұнайға кедендік әкету баждары төлемінен босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортталатын шикі мұнайға ренттік салық салуға жататын шикі мұнайды әкетуге қатысты қолданылмайды.".