О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 489
- Қабылданған күні
- 08.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2013 AI45236_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000489_
- ЭКБ идентификаторы
- 45236
- Редакция идентификаторы
- AI45236_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:26
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабарласын.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 сәуірдегі
N 489 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 қазандағы
N 1036 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуіші
Тауардың қысқаша атауы*
Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)
2709 00 900 0
Шикі мұнай
0
2710 11 110 0 -
2710 11 900 0
Жеңіл дистилляттар және өнімдер
59,87
2710 19 110 0 -
2710 19 290 0
Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін
2710 19 410 0 -
2710 19 490 0**
Ауыр дистилляттар: газойлдар
2710 19 510 0*** -
2710 19 550 0
Ауыр дистилляттар: сұйық отын
2710 19 610 0 -
2710 19 690 0****
Ауыр дистилляттар: сұйық отын
39,91
2713 20 000 0 -
2713 90 900 0
Мұнай битумы
39,91
2710 19 310 0 -
2710 19 350 0
Ауыр дистилляттар: газойлдар
39,91
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
** СЭҚТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа, жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде.
*** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа.
**** жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа