О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2005 года № 1251 "Об утверждении Перечней селитебных территорий и особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров" и от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2005 года № 1251 "Об утверждении Перечней селитебных территорий и особо важных объектов государственной собственности, защищаемых государственной противопожарной службой от пожаров" и от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учре
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен т
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1697
- Қабылданған күні
- 30.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2014 AI62613_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001697
- ЭКБ идентификаторы
- 62613
- Редакция идентификаторы
- AI62613_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:26
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбелерін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 1251 және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1078 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімнің 3-бағанында:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «22513» деген сандар «22629» деген сандармен ауыстырылсын;
«мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері» деген жолдағы «17779**» және «17766**» деген сандар тиісінше «17895**» және «17882**» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «19160» деген сандар «19276» деген сандармен ауыстырылсын;
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері» деген жолдағы «15627», «15627» деген сандар тиісінше «15743», «15743» деген сандармен ауыстырылсын.