Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 апреля 2005 года № 160 "Об утверждении Правил приема в высшие военно-учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан"

Бұйрық · № 54 · қабылданған 08.02.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2005-no-160/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 апреля 2005 года № 160 "Об утверждении Правил приема в высшие военно-учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 54 ·08.02.2006
24.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 апреля 2005 года № 160 "Об утверждении Правил приема в высшие военно-учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 54 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 15 апреля 2005 года № 160 "Об утверждении Правил приема в высшие военно-учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54
Қабылданған күні
08.02.2006
Көрсетілген редакция
24.06.2011 AI26648_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V060004097_
ЭКБ идентификаторы
26648
Редакция идентификаторы
AI26648_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:57

0 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3642 болып тіркелген, 2005 жылғы 29 қарашадағы
N 222 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесінде:
4-тармақтағы "прапорщиктер мен мичмандар" деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жоғары әскери оқу орындарына:
1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жетi жасқа толған, бiрақ жиырма бiр жастан аспаған азаматтар;
2) қабылданар жылы жиырма төрт жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар және мерзiмдi әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілер;
3) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қабылданады. Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушілері әскери оқу орындарына түсуде артықшылығы бар құқыққа ие болады.".
14-тармақтағы "жетекшілік ететін бірінші басшы орынбасарының" деген сөздер "Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бірінші орынбасарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери университеттерге түсетін кандидаттарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрі мен әскер тектерінің кеңестері бекітеді.".
33-тармақтағы "көшірме" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың" деген сөздермен толықтырылсын, бұдан әрі мәтін бойынша;
39, 40 және 41-тармақтағы "құрамалар" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
51-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының бастығы болып табылады.";
65-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Жоғары оқу орнына қабылдау (бас тарту) туралы қабылдау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді (осы Ережеге 8-қосымша). Жоғары оқу орындарына тыңдаушыларды қабылдау Қорғаныс министрінің, ал курсанттарды - тиісті жоғары оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен жүргізіледі.".

2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
2006 жылғы "__" ________

Қолданыстағы