О внесении изменений в решение городского Маслихата от 15 декабря 2006 года № 206/36 "Об установлении ставок фиксированных суммарных налогов для объектов игорного бизнеса"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение городского Маслихата от 15 декабря 2006 года № 206/36 "Об установлении ставок фиксированных суммарных налогов для объектов игорного бизнеса"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 206/36 "Ойын бизнесі объектілеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38/6
- Қабылданған күні
- 08.04.2008
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2008 39157_289658.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KR000108
- ЭКБ идентификаторы
- 39157
- Редакция идентификаторы
- 39157_289658
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:41
0 Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №206/36 «Ойын бизнесі объектілеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 393, 394 баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 15 тармақшасына, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Приозерск қаласы бойынша салық комитетінің 2008 жылғы 06 ақпандағы №141/ОРН-1-16 хатының негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №206/36 «Ойын бизнесі объектілкеріне арналған объектілеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркеу нөмірі 8-4-60, 2007 жылғы 26 қаңтардағы «Приозерский вестник» газетінің №3(78) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы 1,2,3,4,5,12 тармақтары жойылсын.
2 2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №206/36 «Ойын бизнесі объектілеріне арналған тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» шешімінің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты тексеру комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қалалық мәслихаттың
2008 жылғы 8 сәуірдегі
VI сессиясының № 38/6 шешіміне
қосымша
р/к
№
Салық салу объектілерінің атаулары
1 айлық есептік көрсеткіш есебінде 1 объектіден алынатын тіркелген жиынтық салық ставкалары
1
Бір ойыншымен ойын өткізу үшін ұтыс ақшасыз ойын автоматы
20
2
Біреуден көп ойыншылармен ойын өткізу үшін ұтыс ақшасыз ойын автоматы
30
3
Ойын өткізу үшін қолданылатын арнайы компьютер
20
4
Ойын жолы
55
5
Карт
25
6
Бильярд үстелі
50