О внесении изменений в совместное решение областного маслихата и постановление акимата области от 15 сентября 2006 года № 347/5 св "О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых гражданам в частную собственность"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное решение областного маслихата и постановление акимата области от 15 сентября 2006 года № 347/5 св "О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых гражданам в частную собственность"
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың және облыс әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жер учаскелері көлемдерінің шектік (максималды) көлемдері туралы" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі бірлескен № 347/5 с шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77/4св
- Қабылданған күні
- 25.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2012 68361_135971.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12N0003876
- ЭКБ идентификаторы
- 68361
- Редакция идентификаторы
- 68361_135971
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:16
0 Облыстық мәслихаттың және облыс әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жер учаскелері көлемдерінің шектік (максималды) көлемдері туралы" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі бірлескен № 347/5 с шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің "Азаматтардың жеке меншігінде бола алатын жер учаскелері көлемдерінің шектік (максималды) көлемдері туралы" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі бірлескен № 347/5 бр шешімі мен қаулысына (2006 жылғы 7 қарашадағы "Костанайские новости" және 2006 жылғы 3 қарашадағы "Қостанай таңы" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3554 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерінің шекті(максималды) ең жоғары көлемі туралы";
1-тармақта:
бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Жеке меншiкте болуы мүмкiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жер учаскелерінің шекті көлемдері белгіленсін.".
2 2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Жер
ресурстарын басқару агенттігінің
Қостанай облысы бойынша аумақтық
жер инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Т. Төлеубаев