О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке уплаты провозных платежей и оформления перевозок грузов по участкам железных дорог Республики Казахстан, расположенным на территории Российской Федерации, и по участкам железных дорог Российской Федерации, расположенным на территории Республики Казахстан, от 15 августа 2006 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке уплаты провозных платежей и оформления перевозок грузов по участкам железных дорог Республики Казахстан, расположенным на территории Российской Федерации, и по участкам железных дорог Российской Федерации, расположенным на территории Республики Казахстан, от 15 августа 2006 года
- Атауы (қаз.)
- 2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-VI
- Қабылданған күні
- 09.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2016 AI103121_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1600000003
- ЭКБ идентификаторы
- 103121
- Редакция идентификаторы
- AI103121_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:49
0
2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2012 жылғы 19 қыркүйекте Павлодарда жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
Хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2009 жылғы 21 мамырдағы Хаттамамен өзгерген 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің ережелерін ескере отырып,
2006 жылғы 15 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы келісімнің 24-бабының ережелерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Келісімнің 12 және 14-баптары алып тасталсын.
2 2-бап
Осы Хаттама Келісімнің 26-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2012 жылы 19 қыркүйекте Павлодар қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.