О внесении изменений в решение районного маслихата от 15 октября 2007 года № С-3/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 15 октября 2007 года № С-3/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" № С-3/3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-11/8
- Қабылданған күні
- 22.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2010 43870_205243.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08BJ000080
- ЭКБ идентификаторы
- 43870
- Редакция идентификаторы
- 43870_205243
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:21
0 Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" № С-3/3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» № С-3/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-10-66 тіркеліп, 2007 жылғы 30 қарашада аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2007 жылғы 1-желтоқсанда аудандық «Сельская Новь» газетінде жарияланған) келесідей өзгертулер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 4 тармағындағы:
үшінші абзацтағы «оқу орны белгілеген оқу құнының жылдық мөлшерінде» сөздері алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы «бюджеттік комиссияда алдағы жылға бекітілген сомаға сәйкес» сөздері алынып тасталсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3 3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі Т.Хамитов
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы Т. Әбуова
Қаржы бөлімінің бастығы А.Бекенова
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Бейсенова