О внесении дополнений и изменений в постановление акимата области от 15 мая 2008 года N 172 "Об определении основных условий кредитования субъектов малого и среднего предпринимательства за счет средств местного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление акимата области от 15 мая 2008 года N 172 "Об определении основных условий кредитования субъектов малого и среднего предпринимательства за счет средств местного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 332
- Қабылданған күні
- 17.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2009 41689_140984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08C0003268
- ЭКБ идентификаторы
- 41689
- Редакция идентификаторы
- 41689_140984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:52
0 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының
27 бабына
сәйкес облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2008 жылдың 10 маусымындағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 69 нөмірінде жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 26 мамырда N 3253 тіркелген, "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы", облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" атауындағы "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөзбен толықтырылсын;
қаулының 1 тармағында:
120 000 саны 200 000 санымен өзгертілсін;
"кредитор - бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" ММ" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда "Бағдарламаның кредиторы "Ақтөбе облысы қаржы басқармасы" ММ, бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ болып жазылсын;
"шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі ШКДҚ) сөздерін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі "Даму") КДҚ сөздерімен өзгертілсін;
"соңғы қарызгерлер - шағын кәсіпкерлік субъектілері" деген жолдағы "шағын" деген сөз "және орта" сөзімен толықтырылсын;
"бюджеттік несие алушылары" сөзінен кейін мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
қолайлы несиелік тарихы бар шағын және орта бизнес субъектілеріне бұрын берілген несиені қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі 30 пайызынан аспауы тиіс.