Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 141

Қаулы · № 1372 · қабылданған 20.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2008-no-141-ekb-56041/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 141 Күшін жойған Қаулы ·№ 1372 ·20.12.2010
24.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 141

Күшін жойған Қаулы ·№ 1372 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года № 141
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1372
Қабылданған күні
20.12.2010
Көрсетілген редакция
24.09.2014 AI56041_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001372
ЭКБ идентификаторы
56041
Редакция идентификаторы
AI56041_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:38

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде:
1-тармақтағы «заңды мүдделерін» деген сөздер «құқықтарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақта:
мынадай мазмұндағы 42-1), 42-2), 42-3), 42-4) және 42-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«42-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
42-2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
42-3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
42-4) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
42-5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтармен (одақтармен) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өзара іс-қимыл жасасады;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы