О внесении изменений в решении округа от 15 декабря 2008 года № 24 «О присвоении наименований улиц в ст. Жазык Акжарского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решении округа от 15 декабря 2008 года № 24 «О присвоении наименований улиц в ст. Жазык Акжарского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- «Ақжар селолық округке қарайтын Жазық бекетіндегі көшелерге атау беру туралы» 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 17.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2015 93146_22328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CLC04464
- ЭКБ идентификаторы
- 93146
- Редакция идентификаторы
- 93146_22328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:03
0 «Ақжар селолық округке қарайтын Жазық бекетіндегі көшелерге атау беру туралы» 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақжар селолық округі әкімінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 24 «Ақжар селолық округіне қарайтын Жазық бекетіндегі көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-73 тіркелген, 2009 жылы 8 қаңтарда аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақжар ауылдық округінің Жазық бекетінің көшелеріне атаулар беру туралы»;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің реквизиттері мен бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 бөлігінежәне Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысынң Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" № 255 қаулысына» сөздері алынып тасталсын;