О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений» и от 15 ноября 2016 года № 704 «Некоторые вопросы Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений» и от 15 ноября 2016 года № 704 «Некоторые вопросы Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 223
- Қабылданған күні
- 25.04.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2019 111534_425281.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000223
- ЭКБ идентификаторы
- 111534
- Редакция идентификаторы
- 111534_425281
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:17
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын
ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы
15 сәуірдегі № 339 және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы
2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1
1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
11-бөлімде:
мына:
«
11
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
2968
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
2918
»;
13-бөлімде:
мына:
«
13
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
424
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
203
Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)
203
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
13-1.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
474
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
203
1)
Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)
203
»;