О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений» и от 18 февраля 2020 года № 67 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 266 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный с
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений» и от 18 февраля 2020 года № 67 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 266 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный с
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтар
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 24.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2020 144159_469130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000396
- ЭКБ идентификаторы
- 144159
- Редакция идентификаторы
- 144159_469130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:55
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы
15 сәуірдегі № 339 және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы»
2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
148 820
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
149 270
»;
мына:
«
1.2
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
83 325
1)
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,
31 705
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
13 348
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.2
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
83 775
1)
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,
32 155
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
13 798
»;
2
2) «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 34 358 ер азаматты 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;».