Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений»

Қаулы · № 635 · қабылданған 11.10.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2008-no-339-ekb-115201/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений» Қолданыста Қаулы ·№ 635 ·11.10.2017
11.10.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений»

Қолданыста Қаулы ·№ 635 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
635
Қабылданған күні
11.10.2017
Көрсетілген редакция
11.10.2017 115201_241603.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000635
ЭКБ идентификаторы
115201
Редакция идентификаторы
115201_241603
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:39

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері және «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Заречный кентінде орналасатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:
«44. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі»;

2

2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
158987
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
159107
»;
17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«
17)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
87849,5
18)
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері
32585
19)
оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
14228
»;
11-бөлімде:
мына:
«
11
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
2891
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
2771
».

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы