Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение от 15 апреля 2008 года № 65 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи в Тарановском районе"

Ереже · № 158 · қабылданған 10.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2008-no-65/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение от 15 апреля 2008 года № 65 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи в Тарановском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 158 ·10.04.2009
25.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение от 15 апреля 2008 года № 65 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи в Тарановском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 158 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение от 15 апреля 2008 года № 65 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи в Тарановском районе"
Атауы (қаз.)
"Таран ауданында тұрғын үй көмек көрсетудің тәртібі және көлемін анықтау туралы Қағиданы бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 65 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158
Қабылданған күні
10.04.2009
Көрсетілген редакция
25.02.2010 45884_692001.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NR000091
ЭКБ идентификаторы
45884
Редакция идентификаторы
45884_692001
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:25

0 "Таран ауданында тұрғын үй көмек көрсетудің тәртібі және көлемін анықтау туралы Қағиданы бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 65 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 2 тармағына негізінде және осы шешімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. "Таран ауданында тұрғын үй көмек көрсетудің тәртібі және көлемін анықтау туралы Қағиданы бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 65 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміндегі нөмірі 9-18-66, "Шамшырақ" аудандық газетінің 2008 жылғы 16 мамырдағы басылымында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1 тарау 1 тармақтың алтыншы абзац алып тасталсын;
2 тараудың 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегінің көлемін есептеу барысында, тұрғын үй алаңының нормасына сүйене, келесі категория азаматтарына 100 пайыз шығындар есесін қайтару осы Қағидада анықталған:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне бір жыл ішінде;
жылу маусым кезеңінде:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген адамдарға (бұдан әрі-ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, сонымен қатар соларға теңестірілген адамдар), соғысқа қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңестірілген басқа категория тұлғаларына;
- бала кезінен мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек - балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедек-балаларға;
- жалпы аурулардағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектеріне.";
2 тараудың 5 тармақтағы "немесе коммуналдық қызмет нормативтік қолдануынан көп емес, есеп құралының көрсеткіші негізінде, соңғы тоқсанда қызметтің толық көрсетілуі" деген сөздер алып тасталсын;
2 тарау 9 тармақтың 1) тармақшасындағы:
бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"1) тұрғын үй көмегін алуға құқықтары мыналарға таралмайды:";
бірінші абзацтағы "қаза тапқан жауынгерлер жесірлерінде" деген сөздер "соғысқа қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соларға теңістірілген және басқа да категориялардағы тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдардың қызметкерлері, сондай-ақ жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің, өртке қарсы қызмет органдарының, мекемелердің қызметкерлері" деген сөздер "әскери қызметшілерін (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), ішкі істер органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің, өртке қарсы қызмет органдарының, мекемелердің қызметкерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тарау 9 тармақтың 2) тармақшасындағы:
бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"2) тұрғын үй көмегін алуға құқығы тоқтатылады:";
бірінші абзацтағы " - отбасыларға" деген сөз " - отбасылар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы " - ұсынған отбасыларына (азаматтарға)" деген сөздер " - ұсынған азаматтардың отбасылары үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 тараудың 11 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй көмегін алушылар меншігіндегі өз үйінің, отбасы құрамы және оның жиынтық кірісінің кез келген өзгерістері туралы, сонымен қатар дұрыс есептелмеген тұрғын үй көмегі жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ақпарат беруі керек.";
3 тарау 12 тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды өтініш білдіргенге қайтаруға. Түзетілген құжат тоқсанның соңғы айының 26-на дейін берілуі керек. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды немесе құжаттардың толық пакетін бермеген өтініш білдірушінің тұрғын үй көмегін алуға құқығы уақытша тоқтатылады.";
3 тарау 12 тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.

2 2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Л. Өтешева
2009 жылғы 10 сәуірдегі
"Таран ауданының қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ В. Пирог
2009 жылғы 10 сәуірдегі
"Таран ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ В. Ересько
2009 жылғы 10 сәуірдегі

Қолданыстағы