О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2009 года № 1071 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2009 года № 1071 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 845
- Қабылданған күні
- 26.06.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2013 AI66351_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000845
- ЭКБ идентификаторы
- 66351
- Редакция идентификаторы
- AI66351_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:57
0 "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және суды бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясат пен салааралық үйлестіруді қалыптастырады және жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«9-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлейді;»;
14) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-2, 18-1), 18-2), 32-1), 43-1) 43-2), 43-3), 43-4), 43-5) және 43-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;»;
«18-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асырады;»;
«18-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен сарапшылардың шағымдарын қарайды;»;
«32-1) сейсмикалық қаупі жоғары аудандардағы жұмыс үшін мамандардың оқуын өткізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
«43-1) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
43-2) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
43-3) тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін әзірлейді;
43-4) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды қайта жаңарту, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
43-5) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерді үйлердің жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
43-6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».