О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 15 июня 2009 года № 169/5 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 15 июня 2009 года № 169/5 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района"
- Атауы (қаз.)
- "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 228/8
- Қабылданған күні
- 09.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2010 47766_216111.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09PF000077
- ЭКБ идентификаторы
- 47766
- Редакция идентификаторы
- 47766_216111
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:26
0 "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 12-6-75 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Родные просторы" № 28 газетінде жарияланған) № 169/5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауында:
"2. Жекелеген әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтар санаты" бөлімінде:
8-тармақ:
26) тармақшада "кірісі" деген сөздің алдынан "орта есеппен жан басына шаққандағы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"27) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, сонымен қатар "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар,";
"3. Әлеуметтік төлем мөлшері" бөлімінде:
9-тармақ:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – тамақтануы үшін 4 АЕК мөлшерінде және аудан шегінде жолақысына 1 АЕК мөлшерінде берілетін ай сайынғы материалдық көмек;";
11) тармақшада "растайтын құжаттар негізінде" деген сөздерден кейін ", бірақ 40 АЕК-нен артық емес;" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшада "растайтын құжаттар негізінде" деген сөздерден кейін", бірақ 40 АЕК-нен артық емес;" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшада "облыс орталығына бару және кері қайту" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шегінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшада "15" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жеке ауласын дамыту үшін 70,0 мың теңгеден, жемшөп сатып алу үшін 30,0 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда).";
"4. Қажетті құжаттар тізбесі" бөлімінде:
10-тармақта "және аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақ:
1) тармақшада "тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлемі үшін (жылудан басқа) есептесулер;" деген сөздер алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) 8-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- азаматтарды тіркеу кітабы, жол билеттері немесе жеке өтініші;";
9) тармақшада "азаматтарды тіркеу кітабы" деген сөздерден кейін "медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын;
"19) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – селолық округ әкімі жанындағы комиссиямен жүргізілетін өтініш берушінің материалдық-тұрмыс жағдайларын тексеру актісі, селолық округ әкімінің қолдаухаты, "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен берілетін жұмыссыз не мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы мәртебесін растайтын анықтама.".