О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 15 июня 2009 года № 169/5 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Железинского района от 15 июня 2009 года № 169/5 "Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан района"
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Ңұсқауды бекіту туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317/11
- Қабылданған күні
- 02.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2010 49122_216157.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09PF000081
- ЭКБ идентификаторы
- 49122
- Редакция идентификаторы
- 49122_216157
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:52
0 Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Ңұсқауды бекіту туралы" № 169/5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 12-6-75 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдедегі аудандық "Родные просторы" № 28 газетінде жарияланған) № 169/5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ауданның жеке санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауында:
"Жекелеген әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтар санаты" деген 2-бөлімде:
8-тармақта:
20) тармақшада "әлеуметтік сала мамандары" деген сөздер "жас дәрігерлер (29 жасқа дейінгі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
"28) Павлодар қаласының арнаулы білім ұйымында оқытылатын есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар, сондай-ақ оларды шығарып салушы тұлғалар;";
"29) 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедек әйелдер, балалар церебриалды параличі диагнозымен ауыратын балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты әйелдер, бейбіт уақытта әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметкерлердің отбасылары.";
"Әлеуметтік төлем мөлшері" деген 3- бөлімде:
9-тармақта:
18) тармақшада "11000" деген сандар "200000" деген сандармен ауыстырылсын;
20) тармақшада "3" саны "5" санымен ауыстырылсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) 8-тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жеке ауласын дамыту және өздігінен жұмыспен қамтылу үшін 70,0 мың теңгеден, жем-шөп сатып алу үшін 30,0 мың теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек (ауыл шаруашылығы малдары бар болған жағдайда);"
мынадай мазмұндағы 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – айына бір рет жолақысына берілетін 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;";
"27) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – екі кезеңдік басылымға жазылуға 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек.";
"Қажетті құжаттар тізбесі" деген 4-бөлімде:
11-тармақта:
12) тармақша алынып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19) 8-тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі;";
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) 8-тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының көшірмесі, қайтыс болу (қаза табу) жөніндегі хабарламаның көшірмесі.".