Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2131 "Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения Республики Казахстан"

Қаулы · № 395 · қабылданған 30.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009-no-2131/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2131 "Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 395 ·30.03.2012
19.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2131 "Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 395 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2131 "Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
395
Қабылданған күні
30.03.2012
Көрсетілген редакция
19.02.2014 AI64346_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200000395
ЭКБ идентификаторы
64346
Редакция идентификаторы
AI64346_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:41

0 "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
аудандық емхана (бұдан әрі – АЕ) аудан орталығында құрылады;
медициналық пункт халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады;
фельдшерлік-акушерлік пункт халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
ауылдық емхана бекітілген халқының саны 10000 (он мың) адамнан және одан асатын халқы тығыз орналасқан АЕМ-де құрылады;
қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады;
дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес бір аумақтық учаске шеңберінде қалалық елді-мекендерде құрылады.
2) консултациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
консултациялық-диагностикалық орталық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы