О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2135 "Об утверждении Правил обеспечения лекарственными средствами граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2135 "Об утверждении Правил обеспечения лекарственными средствами граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 835
- Қабылданған күні
- 26.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 AI74073_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000835
- ЭКБ идентификаторы
- 74073
- Редакция идентификаторы
- AI74073_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:25
0 "Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы (бұдан әрі - формулярлық комиссия) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің консультациялық-кеңесші және сарапшы органы болып табылады. Формулярлық комиссия қызметінің ережесі мен тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Дәрілік формулярды қалыптастыруды және медициналық ұйымның дәрілік заттарға қажеттілігін анықтауды ұйымның формулярлық комиссиясы медициналық ұйымның бюджеттік бағдарламасының әкімшісі көздеген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырады және ұйымының басшысы бекітеді.».