Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136

Қаулы · № 1363 · қабылданған 15.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009-no-2136-ekb-56039/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 Күшін жойған Қаулы ·№ 1363 ·15.12.2010
16.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136

Күшін жойған Қаулы ·№ 1363 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1363
Қабылданған күні
15.12.2010
Көрсетілген редакция
16.10.2020 56039_489128.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001363
ЭКБ идентификаторы
56039
Редакция идентификаторы
56039_489128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:39

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
5-тармақта:
2) тармақшадағы «томографияны,» деген сөзден кейін «позитрондық-эмиссиялық томографияны, бір фотондық эмиссиялық компьютерлік томографияны,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «хирургиялық,» деген сөзден кейін «экстракорпоралдық ұрықтандыруды қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада «, сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын жою үшін аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құю бар қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен ауыратын гемодиализдегі балаларды «В» және «С» вирусты гепатиттеріне диагностикалауға скринингтік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция) жүргізу;
12) анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құю бар қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен ауыратын гемодиализдегі ересектерді, сондай-ақ «В» және «С» вирусты гепатиттерін жұқтырудың жоғары қаупі бар медицина қызметкерлерін «В» және «С» вирусты гепатиттеріне диагностикалауға скринингтік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция) жүргізу;
13) әлеуметтік-психологиялық консультация беру.»;
6-тармақта:
бірінші абзацтағы «стационарлық көмек» деген сөздердің алдынан «уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «тамақтануды» деген сөзден кейін «, оның ішінде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы балаға күтім жасау бойынша медициналық ұйымда болуының барлық кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы 1-тармақтың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін алтыншы және сегізінші абзацтарын және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тоғызыншы абзацты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы