Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи"

Қаулы · № 29 · қабылданған 27.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009-no-2136-ekb-77050/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи" Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·27.01.2014
16.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи"

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи"
Атауы (қаз.)
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
27.01.2014
Көрсетілген редакция
16.10.2020 77050_489130.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000029
ЭКБ идентификаторы
77050
Редакция идентификаторы
77050_489130
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:03

0 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 29 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысына
қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

2 2. ТМККК-ге:

1 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;

2 2) мыналарды:

медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;

3 3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;

4 4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

5 5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

6 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді.

2 2. ТМККК тізбесі

3 3. ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:

1 1) шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді;

2 2) шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;

3 3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.

4 4. ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:

1 1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

2 2) авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.

5 5. ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек МСАК, КДК қамтиды және осы ТМККК тізбесіне қосымшаға сәйкес көлемде ұсынылады.

6 6. Жоғары мамандандырылған және жаңа технологиялар пайдаланылатын медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйым (бұдан әрі – АЕҰ) маманының жолдамасы бойынша көрсетіледі.

7 7. ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырыс бойынша тамақ және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.

8 8. Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК уәкілеттік орган бекітетін түрлер мен көлемдерге сәйкес:

1 1) мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;

2 2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;

3 3) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;

4 4) медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;

5

5) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;

6 6) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;

7 7) балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;

8 8) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;

9 9) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.

9 9. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:

1 1) мамандардың тексеріп-қарауын, консультация беруін;

2 2) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;

3 3) стандарттарға сәйкес физио ем-шараны және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, айғақтар бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды қамтиды.

10 10. ТМККК шеңберінде патологоанатомиялық бюроның (бөлімнің) қызметтері:

1 1) паталогоанатомиялық ашуды;

2 2) операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеуді;

3 3) цитологиялық зерттеулерді қамтиды.

11 11. ТМККК тізбесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және айғақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу қамтылады.

12 12. ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес:

1 1) жедел/кезек күттірмейтін/шұғыл медициналық жәрдемді;

2 2) эпидемиялық айғақтары бойынша жұқтыру қаупі кезінде антирабикалық көмекті;

3 3) айғақтар бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмекті;

4 4) иммунопрофилактиканы/вакцинациялауды;

5 5) стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

13

13. ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен айғақтар және МСАК маманының рецептісі бойынша белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

14 14. ТМККК шеңберіндегі медициналық көмек кіші инвазивтік технологияларды пайдалана отырып, емдік-диагностикалық қызметтерді де қамтиды.

1 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек

Тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің тізбесіне
қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек

1 1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

Іс-ша­ра­лар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы
Қыз­мет­тер­ді көр­се­ту жи­і­лі­гі
1
2
3
Қа­был­дау және кон­суль­та­ци­я­лар
Қа­был­дау, кон­суль­та­ция (МСАК ма­ман­да­ры - жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі, учас­ке­лік дә­рі­гер/те­ра­певт/пе­ди­атр, учас­ке­лік мей­ір­би­ке/жал­пы прак­ти­ка мей­ір­би­ке, фельд­шер, аку­шер)
Ке­луі бой­ын­ша
МСАК ма­ман­да­ры­ның үй­де қыз­мет көр­се­туі
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Про­фи­лак­ти­ка
Ден­са­улық­ты сақ­тау және ны­ғай­ту, са­ла­мат­ты өмір сал­тын қа­лып­та­сты­ру, оң­тай­лы және дұ­рыс та­мақ­та­ну мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша кон­суль­та­ция бе­ру
Қа­ра­луы­на қа­рай және ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
От­ба­сын жос­пар­лау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша кон­суль­та­ция бе­ру
Ке­луі бой­ын­ша және ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Жа­ты­рі­ші­лік спи­раль­ді, кон­тра­цеп­тив­тік инъ­ек­ци­я­ны ен­гі­зу/алып та­стау
Ке­луі бой­ын­ша және ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Ха­лық­тың ны­са­на­лы топ­та­ры­на про­фи­лак­ти­ка­лық ме­ди­ци­на­лық тек­се­ріп-қа­ра­у­лар (скри­нин­гі­лік зерт­те­улер) жүр­гі­зу
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­тік ор­ган (бұ­дан әрі – уәкі­лет­ті ор­ган) бе­кіт­кен тәр­тіп­ке сәй­кес ке­зең­ді­лік­пен
Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар ошақ­та­рын­да са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­ми­я­ға қар­сы (про­фи­лак­ти­ка­лық) іс-ша­ра­лар
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Им­му­ни­за­ци­я­ла­уды жүр­гі­зу
Ұлт­тық ек­пе күн­тіз­бе­сі шең­бе­рін­де және эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ай­ғақ­тар бой­ын­ша бел­гі­лен­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес
Про­фи­лак­ти­ка­лық ка­би­нет­тер­де, са­уық­ты­ру мек­теп­те­рін­де оқы­ту
Ке­луі бой­ын­ша және ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­ды бас­қа­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на сәй­кес на­у­қа­стар­ды және оның от­ба­сы мү­ше­ле­рін өзін-өзі ба­қы­ла­у­ға, өзіне өзі және өза­ра кө­мек көр­се­ту­ге оқы­ту
Ке­луі бой­ын­ша және ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Со­зыл­ма­лы ау­ру­ла­ры бар адам­дар­ға те­ле­фон ар­қы­лы кон­суль­та­ция бе­ру
Ке­луі бой­ын­ша және ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік және пси­хо­ло­ги­я­лық қыз­мет­тер
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ба­ла­лар­дың, со­ның ішін­де жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­дің па­т­ро­на­жы
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес және ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Жүк­ті әй­ел­дер­дің па­т­ро­на­жы
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес және ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ау­ру­дың со­зыл­ма­лы түр­ле­рі бар на­у­қа­стар­ды ди­на­ми­ка­лық ба­қы­лау жо­лы­мен ау­ру­лар мен олар­дың ас­қы­нуы­ның қай­та­ла­ма про­фи­лак­ти­ка­сы
Уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен ке­зең­ді­лік­пен стан­дарт­тар­ға сәй­кес
Ба­ла­лар­ды ті­сті және ауыз қуы­сы­ның сі­ле­мей­лі қа­бығ­ын кү­ту бой­ын­ша са­ни­та­ри­я­лық-ги­ги­е­на­лық дағ­ды­лар­ға оқы­ту
про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та жы­лы­на 1 рет
Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы ба­ла­лар­дың, жал­пы ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы оқу­шы­лар­дың, жүк­ті­лі­гі бой­ын­ша есеп­те тұр­ған әй­ел­дер­дің ауыз қуы­сын про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ріп-қа­рау
Про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та жы­лы­на 1 рет
Ди­а­гно­сти­ка
Есту және кө­ру өт­кір­лі­гін өл­шеу
Бел­гі­лен­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­та­ры бой­ын­ша
Көз іші­нің қы­сы­мын өл­шеу
Бел­гі­лен­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Лей­ко­фор­му­ла­мен жал­пы қан тал­да­уы, ге­мо­гло­бин, эрит­ро­цит­тер, тү­сті көр­сет­кіш, лей­ко­цит­тер, ЭТЖ, тром­бо­цит­тер.
Ақуы­зды және глю­ко­за­ны анық­тай оты­рып, несеп­ті жал­пы тал­дау
Ке­луі бой­ын­ша жы­лы­на 1 рет
қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Қан­ның ұю уа­қы­ты, без­гек плаз­мо­ди­я­сы­на қан алу, Нечи­по­рен­ко бой­ын­ша несеп, несеп­те­гі өт пиг­мент­те­рі
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Мик­ро­ре­ак­ция
Ке­луі бой­ын­ша жы­лы­на 1 рет
қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ко­про­грам­ма
Про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та жы­лы­на 1 рет, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ту­бер­ку­лез­ді ай­қын­да­у­ға қа­қы­рық алу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Мик­ро­био­ло­ги­я­лық зерт­те­у­ге ма­те­ри­ал алу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
АИТВ ин­фек­ци­я­сы­на және Вас­сер­ман (RW) ре­ак­ци­я­сы­на қан алу
Ке­лу ке­зін­де ерік­ті ано­ним­ді және (неме­се) құ­пия ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­та­ры бой­ын­ша
Алу және био­хи­ми­я­лық зерт­теу: хо­ле­сте­рин, триг­ли­це­рид­тер, қан­да­ғы глю­ко­за, оның ішін­де тест-жүй­е­ні пай­да­ла­на оты­рып экс­пресс әді­стер жүр­гі­зу
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та, бас­қа жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Алу және био­хи­ми­я­лық зерт­теу: АЛАТ, АСАТ, жал­пы би­ли­ру­бин, несеп­нәр, кре­а­ти­нин
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Зерт­те­удің бас­қа түр­ле­ріне био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал алу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Қы­нап­тық сүр­т­ін­ді­нің мик­ро­ско­пи­я­сы және қы­нап­ты са­на­ци­я­лау
Про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та жы­лы­на 1 рет, бас­қа жағ­дай­лар­да ай­ғақ­та­ры бой­ын­ша
Им­мун­дық хи­ми­я­лық зерт­те­улер (экс­пресс әді­сі­мен ге­мо­культ-тест)
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та, бас­қа жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Без­гек плаз­мо­ди­я­сы­на қан тал­да­уы
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Элек­тро­кар­дио­грам­ма
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
2 ТЕ ППД-Л-мен Ман­ту сы­на­ма­сын «қа­уіп» то­бын­да­ғы ба­ла­лар­ға және ба­ла­лар­да ту­бер­ку­лез­ге кү­дік болған кез­де қою (оның ішін­де БЦЖ де­вак­ци­на­ция және ре­вак­ци­на­ция мақ­са­тын­да)
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­пен, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
15 жастан ба­стап флю­о­ро­гра­фия
Про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та жы­лы­на 1 рет, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ем­деу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лар және ем­ша­ра­лар
Ке­зек күт­тір­мей­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Им­мо­би­ли­за­ция (қат­ты дә­ке таң­ғы­шты, ши­на­лар­ды са­лу)
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Дә­рі-дәр­мек­пен ем­де­уді та­ғай­ын­дау
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ве­на­ға, бұл­шық ет асты­на, те­рі асты­на инъ­ек­ци­я­лар жүр­гі­зу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын, со­ның ішін­де үй­де кө­мек көр­се­ту
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ға фи­зио­ем­ша­ра және 1 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ға мас­саж жа­сау
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша

2 2. Консультациялық-диагностикалық көмек

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы
Қыз­мет­тер­ді көр­се­ту жи­і­лі­гі
Қа­был­дау және кон­суль­та­ци­я­лар
Бей­ін­ді ма­ман­дар­дың, оның ішін­де те­ле­ме­ди­ци­на ком­му­ни­ка­ци­я­сын пай­да­ла­на оты­рып:
МСАК ма­ман­да­ры­ның жол­да­ма­сы бой­ын­ша;
бей­ін­ді ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша, бас­қа ағ­за­лар­дың за­қым­да­нуы­мен ас­қы­ну­лар болған жағ­дай­да са­ра­лан­ған ди­а­гно­сти­ка жүр­гі­зу бой­ын­ша қа­был­да­уы және кон­суль­та­ци­я­сы, үй­де кон­суль­та­ция бе­ру
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ма­ман­ның жол­да­ма­сы бой­ын­ша жүк­ті әй­ел­дер­ге және 18 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ға ме­ди­ци­на­лық-ге­не­ти­ка­лық кон­суль­та­ция бе­ру
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ди­а­гно­сти­ка
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген тәр­тіп­ке сәй­кес ха­лық­тың ны­са­на­лы то­бы­на скри­нин­гі­лік зерт­те­улер жүр­гі­зу
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес
Зерт­те­улер­дің зерт­ха­на­лық және ас­пап­тық әді­сте­рі
МСАК ма­ман­да­ры­ның және бей­ін­ді ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Жал­пы кли­ни­ка­лық тал­да­у­лар
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
МСАК ма­ман­да­ры­ның және бей­ін­ді ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
АИТВ ин­фек­ци­я­сы­на және Вас­сер­ман (RW) ре­ак­ци­я­сы­на қан­ды зерт­теу
Кел­ген кез­де ерік­ті ано­ним­ді және (неме­се) құ­пия ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау, қал­ған жағ­дай­лар­да ай­ғақ­та­ры бой­ын­ша
Ма­ман­ның жол­да­ма­сы бой­ын­ша гор­мон­дық зерт­теу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ағ­за­ны транс­плант­та­удан кей­ін­гі па­ци­ент­тің қа­нын­да­ғы им­мун­дық су­прес­сив­ті кон­цен­тра­ци­я­ны анық­тау
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Био­хи­ми­я­лық тал­да­у­лар
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
МСАК ма­ман­да­ры­ның және бей­ін­ді ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Опе­ра­ция жа­са­у­ға ста­ци­о­нар­ға ем­де­у­ге жат­қы­зы­ла­тын адам­дар қа­ны­ның то­бы мен ре­зус фак­тор­ла­ры
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­ды (бак­те­ри­я­лық се­бін­ді) мик­ро­био­ло­ги­я­лық зерт­теу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
УДЗ, рент­ге­но­гра­фия, фиб­ро­га­стро­дуо­де­но­ско­пия, рек­то­ро­ма­но­ско­пия, дуо­де­наль­ды зондтау, ко­ло­но­ско­пия, МСАК ма­ман­да­ры­ның және бей­ін­ді ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка әді­сте­рі және биоп­си­я­ға ма­те­ри­ал алу­мен эн­до­ско­пи­я­ның бас­қа түр­ле­рі
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша не жы­лы­на 1 рет­тен жиі емес және па­ци­ент­тің ке­лу ке­зін­де про­фи­лак­ти­ка­лық мақ­сат­та
«В» және «С» ви­ру­стық ге­па­тит­те­рін ди­а­гно­сти­ка­ла­у­ға (им­мунн­ды-фер­мент­ті тал­дау, по­ли­ме­раз­дық тіз­бек­ті ре­ак­ция):
ана­мне­зін­де опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су болған, қан және оның ком­по­нент­те­рі құй­ы­л­ған қан ау­ру­ла­ры­мен және қа­тер­лі іс­ік ау­ру­ла­ры­мен ауы­ра­тын ге­мо­ди­а­л­из­де­гі ба­ла­лар­ға;
ана­мне­зін­де опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су болған, қан және оның ком­по­нент­те­рі құй­ы­л­ған қан ау­ру­ла­ры­мен және қа­тер­лі іс­ік ау­ру­ла­ры­мен ауы­ра­тын ге­мо­ди­а­л­из­де­гі ере­сек­тер­ді, со­ны­мен қа­тар «В» және «С» ви­ру­стық ге­па­тит­те­рін жұқ­ты­ру қа­у­пі жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер­ге скри­нин­гі­лік зерт­теу жүр­гі­зу
Уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген ке­зең­ді­лік­ке сәй­кес
Пси­хи­ка­лық бел­сен­ді заттар­ды тұ­ты­ну тұр­ғы­сы­нан ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру
Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры, тер­геу және анық­тау ор­ган­да­ры жол­да­ма бер­ген кез­де
Сот-нар­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма
Сот ор­ган­да­ры­ның ше­ші­мі бой­ын­ша
Сот-пси­хи­ат­ри­я­лық са­рап­та­ма
Сот ор­ган­да­ры­ның ше­ші­мі бой­ын­ша
Ха­лық­тың әле­умет­тік тұр­ғы­дан осал са­нат­та­ры үшін: (18 жас­қа тол­ма­ған ба­ла­лар­ға; жүк­ті әй­ел­дер­ге, Ұлы Отан со­ғы­сы­на қа­тысқан­дар­ға; 1, 2, 3-топ­та­ғы мү­ге­дек­тер­ге; «Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» бел­гі­ле­рі­мен ма­ра­пат­тал­ған көп ба­ла­лы ана­лар­ға; ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар­ға; жа­сы бой­ын­ша зей­нет­кер­лер­ге; ин­фек­ци­я­лық, әле­умет­тік ма­ңы­зы бар ау­ру­лар­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­ға және ай­на­ла­сын­да­ғы­лар­ға қа­уіп төн­ді­ре­тін ау­ру­лар­мен ауы­ра­тын­дар­ға) ма­ман­ның жол­да­ма­сы бой­ын­ша қым­бат тұ­ра­тын ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер тү­рі
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
1. По­ли­ме­раз­ды тіз­бек­ті ре­ак­ция (ПТР)
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
2. Им­мунн­ды фе­но­тип­теу
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
3. Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген кө­лем­де және мер­зім­дер­де жүк­ті әй­ел­дер­ді ме­ди­ци­на­лық-ге­не­ти­ка­лық зерт­теу (уль­тра­ды­быст­ық скри­нинг, ұрық­тың ана­то­ми­я­сын ба­ға­лау, ин­ва­зив­ті пре­на­таль­дық ем­ша­ра­лар, ци­то­ге­не­ти­ка­лық зерт­те­улер­ге био­хи­ми­я­лық скри­нинг)
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
4. Ком­пью­тер­лік то­мо­гра­фия
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
5. Маг­нит­тік-ре­зо­нан­сты то­мо­гра­фия
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
6. По­зи­трон­дық-эмис­си­я­лық то­мо­гра­фия
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
7. Бір фо­тон­ды эмис­си­я­лық ком­пью­тер­лік то­мо­гра­фия
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
8. 8. Ан­гио­гра­фия
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ем­деу, ма­ни­пу­ля­ци­я­лар және ем­ша­ра­лар
Па­ци­ент­тің қа­ра­жа­ты есе­бі­нен неме­се ерік­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру шар­ты шең­бе­рін­де, оның ішін­де ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар мен дә­рі­лік заттар­ды пай­да­ла­на оты­рып, хи­рур­ги­я­лық, ги­не­ко­ло­ги­я­лық, ото­ла­рин­го­ло­ги­я­лық, уро­ло­ги­я­лық, оф­таль­мо­ло­ги­я­лық және бас­қа ам­бу­ла­то­ри­я­лық ем­ша­ра­лар
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
МСАК ма­ман­да­ры­ның және бей­ін­ді ма­ман­дар­дың жол­да­ма­сы бой­ын­ша
Уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен тәр­тіп­ке сәй­кес экс­тра­кор­по­раль­дық ұрық­тан­ды­ру
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша, бі­рақ ЭКҰ 2 цик­лы­нан көп емес
Ха­лық­тың әле­умет­тік қор­ғал­ма­ған топ­та­ры үшін шұ­ғыл сто­ма­то­ло­ги­я­лық кө­мек (жі­ті ауыр­сы­ну): ауыр­сы­ну­ды ба­су, ті­сті та­за­лау және хи­ми­я­лық қа­ты­ры­л­ған құ­ра­ма ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған плом­ба­ны са­лу, ауыр­сы­нуын ба­са оты­рып ті­сті жұ­лу, пе­ри­осто­то­мия, аб­сце­стер­ді ашу
Ай­ғақ­та­ры бой­ын­ша
Ауыр­сы­ну­ды ба­су, ті­сті та­за­лау және хи­ми­я­лық қа­ты­ры­л­ған құ­ра­ма ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған плом­ба­ны са­лу, ауыр­сы­нуын ба­са оты­рып ті­сті жұ­лу­ды қо­са ал­ған­да, ма­ман­ның жол­да­ма­сы бой­ын­ша ба­ла­лар­ға және жүк­ті әй­ел­дер­ге (ор­то­дон­ти­ка­лық және ор­то­пе­ди­я­лық кө­мек­тен бас­қа) жос­пар­лы сто­ма­то­ло­ги­я­лық кө­мек
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Тіс-жақ ано­ма­ли­я­сын жо­ю­ға ар­нал­ған (ор­то­дон­ти­ка­лық пла­стин­ка) ап­па­рат­ты пай­да­ла­на оты­рып жақ-бет са­ла­сы­ның туа біт­кен па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар­ға ор­то­донт­тық кө­мек
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша
Ха­лық­тың әле­умет­тік тұр­ғы­дан осал са­нат­та­рын ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен стан­дарт­тар­ға сәй­кес ер­те және жал­ға­сты­ры­ла­тын ме­ди­ци­на­лық оңал­ту
Ай­ғақ­тар бой­ын­ша

Қолданыстағы