Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»

Қаулы · № 503 · қабылданған 07.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009-no-906-ekb-146194/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства» Күшін жойған Қаулы ·№ 503 ·07.08.2020
21.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 503 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»
Атауы (қаз.)
«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
503
Қабылданған күні
07.08.2020
Көрсетілген редакция
21.06.2023 146194_640170.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000503
ЭКБ идентификаторы
146194
Редакция идентификаторы
146194_640170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:17

0 «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру мақсатында ішкі нарықтағы айналыс үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру мақсатында ішкі нарықтағы айналыс үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылған жағдайларда:

1) борыш лимиті жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың

15 тамызына дейінгі мерзімде бюджетті атқару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі және еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған жоспарланатын қаржы жылында қарыз алу және өз борыштарына дербес қызмет көрсету және оларды өтеу мүмкіндігінің есеп-қисаптары ескеріле отырып қалыптастырылады;

2) лимитті есептеу жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде есепке алынған, түзету коэффициенттерін және төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін қажетті соманы ескере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік даму бағдарламаларының болжамына негізделе отырып жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау формулалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2020 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Үкіметтік борыштың
және жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін, мемлекеттік
кепілдіктер мен мемлекет
кепілгерліктерін беру лимиттерін
айқындау ережесіне
2-қосымша
Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындау формулалары

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары борышының жоспарланатын кезеңге арналған лимиті мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

Lslg = Dlg + BdefLg + Ss - Plg, мұнда
Lslg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының жоспарланатын қаржы жылындағы лимиті;
Dlg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылының басындағы борышы;
BdefLg – бюджет заңнамасына сәйкес жоспарланатын қаржы жылында белгілі бір мақсаттарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер;
Ss – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында шығаруы болжанатын мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі;
Plg – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жоспарланатын қаржы жылында борышты өтеуге жұмсалатын қаражатының көлемі.

2. Айқындалатын борыш лимиті мынадай талапқа сәйкес болуға тиіс:

Lslg < Bd*k+E, мұнда
Bd – жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген бюджеттік даму бағдарламаларының болжамы;
k – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы үшін түзету коэффициенті
(k=0,8, республикалық бюджеттен бюджеттік субвенциялар алатын өңірлер үшін; k=1, республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюларды аударатын өңірлер үшін);
E – төтенше жағдай орын алған кезеңде айқындалған, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін қажетті сома.

Қолданыстағы