Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»

Қаулы · № 682 · қабылданған 20.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009-no-906-ekb-147639/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства» Күшін жойған Қаулы ·№ 682 ·20.10.2020
21.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 682 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»
Атауы (қаз.)
«Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
682
Қабылданған күні
20.10.2020
Көрсетілген редакция
21.06.2023 147639_640176.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000682
ЭКБ идентификаторы
147639
Редакция идентификаторы
147639_640176
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:14

0 «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы

№ 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
3-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамына қатысты валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгерген, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды дисконтпен шығарған жағдайларда үкіметтік борыш лимиті асып түсуі мүмкін.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті жылға арналған лимиті жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдері негізге алынып қалыптастырылады.»;
көрсетілген Ережеге 1 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және
2 – қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Үкіметтік борыш лимитін айқындау формулалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін,
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін беру
лимиттерін айқындау ережесіне
1-қосымша
Үкіметтік борыш лимитін айқындау формулалары
Lgov = Lgov1 + Вdеf + (Dgov * Е), мұндағы
Lgov – жоспарланатын қаржы жылына арналған, теңгемен есептелетін үкіметтік борыш лимиті;
Lgov1 – жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыш лимиті;
Вdеf – жоспарланатын қаржы жылында республикалық бюджет тапшылығын ішкі нарықта ұлттық валютамен үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың жалпы көлемі;
Dgov – жоспарланатын қаржы жылында республикалық бюджет тапшылығын сыртқы нарықта үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың АҚШ долларындағы кросс-бағамды ескере отырып келтірілген жалпы көлемі;
Е – жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамы.
Жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуға тиіс:
В1< (ExGB * 0,15) - В2, мұндағы
B1 – жоспарланатын қаржы жылына үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемі;
ExGB – жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының көлемі;
B2 – жоспарланатын қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі.

2 Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау формулалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін,
мемлекеттік кепілдіктер мен
мемлекет кепілгерліктерін беру
лимиттерін айқындау ережесіне
3-қосымша
Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау формулалары
Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуға тиіс:
B2 < (ExGB * 0,15) - В1, мұндағы
В2 – жоспарланатын қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі;
ExGB – жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының көлемі;
B1 – жоспарланатын қаржы жылына үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемі.

Қолданыстағы