О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 «Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства»
- Атауы (қаз.)
- «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 868
- Қабылданған күні
- 20.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2023 150143_640178.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000868
- ЭКБ идентификаторы
- 150143
- Редакция идентификаторы
- 150143_640178
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:59
0 «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Үкіметтік борыш лимиті жоспарланып отырған қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамына қатысты валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгерген, мемлекеттік бағалы қағаздарды дисконтпен шығарған жағдайларда, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотына түскен үкіметтік сыртқы қарыздардың сомасына асырылуы мүмкін.».