Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906

Қаулы · № 1027 · қабылданған 05.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009-no-906-ekb-54730/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 Күшін жойған Қаулы ·№ 1027 ·05.10.2010
21.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906

Күшін жойған Қаулы ·№ 1027 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1027
Қабылданған күні
05.10.2010
Көрсетілген редакция
21.06.2023 54730_640144.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100001027_
ЭКБ идентификаторы
54730
Редакция идентификаторы
54730_640144
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:13

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі өзгерген жағдайда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.»;
8-тармақта:
«Мемлекеттік» деген сөз «Бюджеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«1» деген сан «15» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Жергілікті атқарушы органдар борышының лимитін нақтылау бюджеттік өлшемдер өзгерген жағдайда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін берудің тиісті жылға арналған лимиті жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірісінің, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдерін негізге ала отырып қалыптастырылады.»;
10-тармақта «Мемлекеттік» деген сөз «Бюджеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген Ереженің 1-қосымшасында:
жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
В1< (ІnGВ*0,15) - В2, мұнда
B1 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың көлемі;
ІnGВ - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірістерінің көлемі;
B2 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындар көлемі.»;
он екінші абзац алынып тасталсын;
көрсетілген Ереженің 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау формулалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 5 қазандағы
№ 1027 қаулысына
қосымша
Үкіметтік борыштың және
жергілікті атқарушы орган
борышының лимитін, мемлекеттік
кепілдіктер мен мемлекет
кепілгерліктерін беру лимиттерін
айқындау ережесіне
3-қосымша
Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау формулалары
Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуы тиіс:
В2 < (ІnGВ * 0,15) - В1, мұнда
В2 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі;
ІnGВ - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірістерінің көлемі;
В1 - жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың көлемі.

Қолданыстағы