Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении дополнения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Социалистической Республики Вьетнам о сотрудничестве в области образования от 15 сентября 2009 года

Қаулы · № 763 · қабылданған 02.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2009/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении дополнения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Социалистической Республики Вьетнам о сотрудничестве в области образования от 15 сентября 2009 года Қолданыста Қаулы ·№ 763 ·02.12.2016
02.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении дополнения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Социалистической Республики Вьетнам о сотрудничестве в области образования от 15 сентября 2009 года

Қолданыста Қаулы ·№ 763 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении дополнения в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Социалистической Республики Вьетнам о сотрудничестве в области образования от 15 сентября 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
763
Қабылданған күні
02.12.2016
Көрсетілген редакция
02.12.2016 107899_125216.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000763
ЭКБ идентификаторы
107899
Редакция идентификаторы
107899_125216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:05

0 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі
арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы
келісімге толықтыру енгізу туралы
хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 31 қазанда Ханой қаласында жасалған 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімінің мәтіні ресми
болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және
сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасы

0 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы хаттама

Үкіметінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 763 қаулысымен
бекітілген
2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге толықтыру енгізу туралы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі
2009 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,
Тараптар мемлекеттері арасында білім саласындағы алмасуды одан әрі кеңейту мақсатында
Келісімге төмендегі толықтыруды енгізу туралы келісті:

1 1- бап

1-бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Тараптар жыл сайын білім алушылармен баламалы негізде алмасады. Жыл сайын әр мемлекеттен білім алушылардың жалпы санын 3 адамнан аспайды.
Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алушылардың санын және оларды оқыту мерзімін қабылдаушы Тарап аумағында оқу орны орналасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындайды.
Қабылдаушы Тарап білім алушыларды оқығаны және оқу құралдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатады. Жатақханада тұру шығыстары, стипендия төлеу және медициналық көмек көрсету қабылдаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстандық білім алушылардың екі жаққа көлік шығыстары мен келу визаларын ресімдеу білім алушылардың өз қаражаты есебінен төленеді.
Вьетнамдық білім алушылардың екі жаққа көлік шығыстары мен келу визаларын ресімдеу Вьетнамның мемлекеттік бюджеті есебінен төленеді.
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты жыл сайын 28 ақпанға дейін білім алушыларды қабылдау мүмкіндігі туралы хатпен хабардар етеді.
Жіберуші Тарап оқуға жіберілетін үміткерлердің тізімін жыл сайын қабылдаушы Тарапқа 30 сәуірге дейін береді.
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапты жыл сайын 30 маусымға дейін үміткерлерді қабылдау туралы хабардар етеді, сондай-ақ қабылдаушы оқу орындарының атауын және оқу мерзімін хабарлайды.
Жіберуші Тарап оқу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей қабылдаушы Тарапқа стипендиаттардың келетін күнін хабарлайды.».

2 2-бап

Осы Хаттама Келісімнің 9-бабына сәйкес күшіне енеді.
2011 жылғы 31 қазанда Ханой қаласында әрқайсысы қазақ, вьетнам және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік
Үкіметі үшін Республикасының Үкіметі үшін

Қолданыстағы