О внесении изменений в постановление акимата города Сатпаев от 15 января 2010 года № 01/09 "О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Сатпаев от 15 января 2010 года № 01/09 "О перечне должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности"
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21/01
- Қабылданған күні
- 18.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2016 85123_110420.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KF002877
- ЭКБ идентификаторы
- 85123
- Редакция идентификаторы
- 85123_110420
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:56
0 Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы" 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 01/09 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесі туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-95 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 қаңтардағы «Шарайна» газетінің № 7 (1768) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) қаулының тақырыбы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi туралы»;
2 2) қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
1
«1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;
3 3) қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілген»
Сәтбаев қалалық мәслихатының
хатшысы
Т.И. Хмилярчук
2014 жылғы 18 қараша
7 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 21/01 қаулысына
қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
№ 01/09 қаулысына
қосымша
Қалалық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар Сәтбаев қаласы аумағының шекарасы шегінде азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.