О внесении изменения в решение акима Новочеркасского сельского округа от 15 июня 2010 года № 1 «О присвоении наименований улицам сел Ондирис и Приишимка»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Новочеркасского сельского округа от 15 июня 2010 года № 1 «О присвоении наименований улицам сел Ондирис и Приишимка»
- Атауы (қаз.)
- Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 1 «Өндіріс және Приишимка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 12.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2017 112556_189430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BFL05975
- ЭКБ идентификаторы
- 112556
- Редакция идентификаторы
- 112556_189430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:07
0 Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 1 «Өндіріс және Приишимка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Новочеркасск ауылдық округі әкімінің «Өндіріс және Приишимка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-127 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 шілдеде «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Карасаева
12.05.17ж.
Астрахан ауданының «Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Кулаков
12.05.17ж.