О внесении изменений в решение от 15 апреля 2010 года № 181 "Об утверждении Правил о размерах и порядке оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 15 апреля 2010 года № 181 "Об утверждении Правил о размерах и порядке оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 16.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2014 AI59371_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VQ000149
- ЭКБ идентификаторы
- 59371
- Редакция идентификаторы
- AI59371_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:11
0 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 «Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-17-129, «Ұлан таңы» газетінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 35 санында жарияланған) Ұлан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 2 «Тұрғын үй көмегін тағайындау шарттары» бөлімінің:
7 тармағының 2 тармақшасында «медико-әлеуметтік сараптаманың анықтамасы болғанда», «медициналық мекеменің дәрігерлік-кеңес қорытынды болған жағдайда», «емдеу мекемесінен анықтама әкелген жағдайда» сөздері алынып тасталсын;
9 тармағындағы «Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады.» сөздері алынып тасталсын;
20 тармағының 3 тармақшасында «ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет» сөзі «баланың ата-анасының табысы айқындалады» сөзіне ауыстырылсын;
20 тармағының 4 тармақшасындағы «ол ата-анасының табыстары және олардың үй жәрдемақыларын алатын немесе алмайтыны туралы анықтаманы тапсыруы қажет» сөздері алынып тасталсын;
24 тармағындағы «Берілген ақпараттың растығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің анық мекен жайлары туралы ақпаратты талап етуге құқылы.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге құқылы. Талап етілген құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.» сөздері алынып тасталсын;
27 27 тармақ жойылсын;
2 2) 4 «Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу» бөлімінің:
32 тармағында «(сот шешімдерін орындаушыдан анықтама әкелгенде)», «(іздеу туралы анықтама болған жағдайда)», «(анықтама болған жағдайда)», «(ЛТП) (анықтама болған жағдайда)» сөздері алынып тасталсын.