О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 15 апреля 2010 года № 181 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 15 апреля 2010 года № 181 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" Ұлан аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 шешімге өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 28.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2014 AI78751_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VQ003227
- ЭКБ идентификаторы
- 78751
- Редакция идентификаторы
- AI78751_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:18
0 "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" Ұлан аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 шешімге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы № 1303 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қаулысының негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы» Ұлан аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 181 шешімге өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-129 тіркелген, «Ұлан таңы» газетінің 2010 жылғы 04 маусымдағы № 35 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережесінде:
көрсетілген шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «Ереже», «Ережесі», «Ережеде», «Ережесіне», «Ережесінде» деген сөздер тиісінше «Қағида», «Қағидасы», «Қағидада», «Қағидасына», «Қағидасында» деген сөздермен ауыстырылсын
2 – тармақтың 4) тармақшасы және 10 – тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
3 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
3
«3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
4 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
4
«4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: