Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"

Ереже · № 35 · қабылданған 26.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2010-no-195-ekb-66990/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 35 ·26.07.2012
14.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 35 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35
Қабылданған күні
26.07.2012
Көрсетілген редакция
14.11.2014 AI66990_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NG000165
ЭКБ идентификаторы
66990
Редакция идентификаторы
AI66990_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:44

0 Мәслихаттың 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-123 тіркелген, 2010 жылғы 18 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі;
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2, 5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі;
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) балама негізде өтінішпен өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен анықталады.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Белгіленген нормалар шегінде отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстан он пайыз мөлшерінде белгіленеді.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
___________ Тетерюк Л.Е.
"Әулиекөл ауданының
қаржы бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______ Төребаева З.Ш.
"Әулиекөл ауданының
экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______ Печникова Т.И.

Қолданыстағы