Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"

Ереже · № 129 · қабылданған 14.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2010-no-195/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 129 ·14.02.2014
14.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 129 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата от 15 сентября 2010 года № 195 "О правилах оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
129
Қабылданған күні
14.02.2014
Көрсетілген редакция
14.02.2014 78103_202999.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NG004489
ЭКБ идентификаторы
78103
Редакция идентификаторы
78103_202999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:53

0 Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-123 тіркелген, 2010 жылғы 18 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға көрсетіледі.".

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________________ Айсин Ә.С.

Қолданыстағы