Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Таскалинского районного маслихата от 15 апреля 2010 года № 23-3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таскалинскому району"

Ереже · № 3-2 · қабылданған 18.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2010-no-23-3-ekb-65640/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Таскалинского районного маслихата от 15 апреля 2010 года № 23-3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таскалинскому району" Күшін жойған Ереже ·№ 3-2 ·18.04.2012
18.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Таскалинского районного маслихата от 15 апреля 2010 года № 23-3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таскалинскому району"

Күшін жойған Ереже ·№ 3-2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Таскалинского районного маслихата от 15 апреля 2010 года № 23-3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Таскалинскому району"
Атауы (қаз.)
Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 23-3 "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-2
Қабылданған күні
18.04.2012
Көрсетілген редакция
18.10.2013 65640_189824.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZK000162
ЭКБ идентификаторы
65640
Редакция идентификаторы
65640_189824
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:25

0 Тасқала аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 23-3 "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 23-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-11-120 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы, 28 мамырдағы "Екпін" газетінің № 32-33, № 34-35 сандарында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші абзацтармен толықтырылсын:

"тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.";

2 2) 2 тармақтағы "отбасының жиынтық табысы кедейшілік шегінен төмен" деген сөздер алынып тасталсын;

3 3) 4 тармақта:

екінші абзацы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;";
жетінші абзацы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі отбасының жиынтық табысына қатынасы 5% көлемінде белгіленеді.";

4 4) 5 тармақ алынып тасталсын;

5 5) 9 тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

"9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы