Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 15 октября 2010 года № 454 «Об утверждении Правил фразеологии радиообмена при выполнении полетов и обслуживании воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поста

Бұйрық · № 106 · қабылданған 21.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2010-no-454-26-2017-no-384/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 15 октября 2010 года № 454 «Об утверждении Правил фразеологии радиообмена при выполнении полетов и обслуживании воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поста Қолданыста Бұйрық ·№ 106 ·21.02.2023
21.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 15 октября 2010 года № 454 «Об утверждении Правил фразеологии радиообмена при выполнении полетов и обслуживании воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поста

Қолданыста Бұйрық ·№ 106 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 15 октября 2010 года № 454 «Об утверждении Правил фразеологии радиообмена при выполнении полетов и обслуживании воздушного движения» и в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июня 2017 года № 384 «Об утверждении Правил сертификации и выдачи сертификата поставщика аэронавигационного обслуживания, а также сертификационных требований, предъявляемых к поста
Атауы (қаз.)
«Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына және «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министріні
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
21.02.2023
Көрсетілген редакция
21.02.2023 178888_621839.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031983
ЭКБ идентификаторы
178888
Редакция идентификаторы
178888_621839
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:21

0

«Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына және «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 5-тармағына, «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық) 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi, сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы жүзеге асыратын, одан тыс жерлердегi әуе кемелерiнiң (бұдан әрі – ӘК) экипаждары мен әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының диспетчерлерi арасында радиоалмасу жүргiзу тәртiбiн және үлгiлiк фразеологиясын айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы бұйрықтың 1-қосымшасында көрсетілген радиоалмасу кезінде авиациялық терминологияның бір бөлігі болып табылатын кейбір шектеулерді қолдануға жол беріледі, олар әріптерді хабарлауға арналған алфавитті қолданбай, яғни сөздерді тікелей оқу арқылы айтылады.»;

2

2. «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
9, 10 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тарихындағы «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
10. Уәкілетті ұйым құжаттарды түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жалпы мерзімі олар түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
10-1. Өтініш беруші негізгі талаптардың тізбесінде 8-тамақпен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда, уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті ұйым нұсқамалық материалды пайдалана отырып аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарға сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп - қарауды жүргізеді.
Бұл ретте, уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру» мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес қамтамасыз етеді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының мемлекеттік қызмет берушіге және операторына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Сертификатты беруден бас тарту үшін негіздер негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлеріне (кіші түрлеріне) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
Бұл ретте, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші қосымша сертификаттау үшін Салық кодексінің 554-бабының 7-тармағының 9) тармақшасында белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға алым мөлшерлемесінен 10% мөлшерінде алым төлейді.
Сертификаттау жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге сертификат беру тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалады.»;
32-тармақ алып тасталсын;
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге қойылатын сертификаттық талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналарды:
1) Өнім берушіде мыналар:
Өнім берушінің Жаһандық аэронавигациялық жоспармен (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының құжаты, ГАНП, Құжат 9750) көзделген іс-шараларды іске асыруды көрсететін даму кемінде 3 жыл кезеңге арналған бекітілген жоспары болуы;
әзірленген және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген әуе қозғалысына қызмет көрсетуді бұзуға байланысты күтпеген мән-жайлар кезіндегі іс-шаралар жоспарының болуы және (немесе) байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсыну, және (немесе) ұшуды метеорологиялық және (немесе) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, және (немесе) аэронавигациялық ақпаратты ұсынуда;
бекітілген филалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың болуы;
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурызда № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 болып тіркелген) сәйкес жасалған (Өнім берушіні бастапқы сертификаттағанда) не қызмет ететін (Өнім берушіні қайта сертификаттағанда) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (меншікті немесе шарт негізіндегі ұқсас қызмет түрін көрсететін басқа Өнім берушінің ұшудың қауіпсіздігін басқару жүйесінің бақылауында) болуы;
дайындалған персоналдың бар болуы және оның дайындығы «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 764 бұйрық) негізінде әзірленген аэронавигациялық қызмет көрсетушінің нақты түрі үшін жұмылдырылған персоналды кәсіби даярлаудың бекітілген бағдарламаларына сәйкестігі.
азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында көзделген өзара іс-қимыл жасау (үйлестіру) жөніндегі келісілген нұсқаулықтардың болуы;
2) өнім берушінің Өнім берушінің сертификатын алуға өтінішке қоса берілетін құжаттама талаптарын Өнім берушіні сертификаттау және оған сертификат беру тәртібіне сәйкес сақтауын.».

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 106 Бұйрыққа
қосымша
Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні сертификаттау
және оған сертификат
беру қағидаларына
2-қосымша
«Аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­ді бе­ру­ші­нің сер­ти­фи­ка­тын бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
15 жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­ді бе­ру­ші­нің сер­ти­фи­ка­ты неме­се осы негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген алу тә­сіл­де­рі
Ақы­лы
«Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 554-ба­бы 7-тар­ма­ғы­ның 9) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес, аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­ді бе­ру­ші­нің сер­ти­фи­ка­тын бе­ру үшін:
№ р/с
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­ді бе­ру­ші­нің штат са­ны
Сер­ти­фи­кат­тау үшін алым мөл­шер­ле­ме­сі (АЕК)
1
2
3
1.
201 адам және одан көп
12 600
2.
101 адам­нан 200 адам­ға дей­ін
324
3.
51 адам­нан 100 адам­ға дей­ін
313
4.
21 адам­нан 50 адам­ға дей­ін
302
5.
11 адам­нан 20 адам­ға дей­ін
190
6.
10 адам­ға дей­ін
180
Ес­керт­пе: сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу са­ла­сын ке­ңей­ту ке­зін­де
Сер­ти­фи­кат­тау үшін алым мөл­шер­ле­ме­сі­нен 10%
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс іс­теу кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 8:30-ден 17:30-ға дей­ін.
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­ті тір­кеу ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жайы мы­на жер­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да - www.​caakz.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі;
2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­ді бе­ру­ші­нің сер­ти­фи­ка­тын алу­ға өті­ніш.
2) ны­сан бой­ын­ша соң­ғы жы­л­ғы қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай ту­ра­лы ақ­па­рат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
3) пер­со­нал­дың ба­стап­қы да­яр­лы­ғын және тех­ни­ка­лық оқу­ды және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­рын жос­пар­ла­уды, өт­кі­зу­ді рас­тай­тын құ­жат­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін бас­қа­ру жө­нін­де­гі бе­кі­ті­л­ген нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) ӘҚҰ пер­со­нал­дың, дис­пет­чер­дің, опе­ра­тор­дың жұ­мыс тех­но­ло­ги­я­сы­ның (жұ­мыс нұс­қа­улық­та­ры­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі.
6) ҰРТҚ және бай­ла­ныс құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін анық­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі:
Ра­дио­тех­ни­ка­лық жаб­дық­ты және ра­дио­бай­ла­ны­сты пай­да­ла­ну қыз­ме­тіне бе­кі­ті­л­ген ұшу­ды ра­дио­тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету (бұ­дан әрі – ҰРТҚ) және бай­ла­ныс жаб­дық­та­ры­ның (құ­рал­да­ры­ның) жиын­тық тіз­бе­сі.
ҰРТҚ және бай­ла­ныс құ­рал­да­рын ре­зерв­теу жө­нін­де­гі бе­кі­ті­л­ген нұс­қа­улық­тар­дың тіз­бе­сі;
ҰРТҚ және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­на (жай-күйі бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­ле­тін құ­рал­дар­дан бас­қа) тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу кесте­сі);
ҰРТҚ және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­на жер­де тек­се­ру жүр­гі­зу ту­ра­лы ақ­па­рат;
ҰРТҚ және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­на ұшу тек­се­ру жүр­гі­зу ту­ра­лы ақ­па­рат;
«Аза­мат­тық авиа­ция әу­е­ай­лақ­та­ры­ның (ті­кұ­шақ ай­лақ­та­ры­ның) пай­да­ла­ну­ға жа­рам­ды­лы­ғы нор­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 31 на­уры­зда­ғы № 381 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12303 бо­лып тір­кел­ген) Аза­мат­тық авиа­ция әу­е­ай­лақ­та­ры­ның (ті­кұ­шақ ай­лақ­та­ры­ның) пай­да­ла­ну­ға жа­рам­ды­лы­ғы нор­ма­ла­ры­на ҰРТҚ және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның сәй­кест­і­гі ту­ра­лы ақ­па­рат;
7) Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­ты бас­қа­ру қыз­ме­ті (бұ­дан әрі – ААБ қыз­ме­ті) пер­со­на­лы­ның жұ­мыс тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі:
ААБ қыз­ме­ті пер­со­на­лы­ның бе­кі­ті­л­ген ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­ры және олар­дың жұ­мыс тәр­ті­бін анық­тай­тын рә­сім­дер;
ба­стап­қы аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат­ты бе­ру­ші­лер­дің қол­да­ны­с­та­ғы тіз­бе­сі;
бе­кі­ті­л­ген құ­ры­лы­мы:
8) әу­е­ай­лақ­та ұшу­ды ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
9) ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету­ді жү­зе­ге асы­ра­тын пер­со­нал­дың бе­кі­ті­л­ген үл­гі­лік ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
10) авиа­ци­я­лық ме­тео­ро­ло­ги­я­лық пер­со­нал­дың құ­зы­рет­ті­лі­гіне ба­ға­лау жүр­гі­зу­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі: құ­зы­рет­ті­лік­ке ба­ға­лау жүр­гі­зу­дің бе­кі­ті­л­ген әді­сте­ме­сі;
құ­зы­рет­ті­лік­ке соң­ғы ба­ға­лау жүр­гі­зу бой­ын­ша анық­та­ма;
11) Стан­дарт­тау бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­ның (ИСО) 9000 се­ри­я­лы са­па ме­недж­мен­ті жүй­е­сі­нің сер­ти­фи­ка­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
12) Із­де­сті­ру мен құт­қа­ру­ды үй­ле­сті­ру ор­та­лы­ғы пер­со­на­лы­ның жұ­мыс тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі:
бе­кі­ті­л­ген ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­тар;
бе­кі­ті­л­ген жұ­мыс тех­но­ло­ги­я­сы.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну және авиа­ция қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ат­те­стат­та­удан өту үшін та­лап еті­ле­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар бол­са;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Өті­ніш бе­ру­ші ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы