О внесении изменении в постановление акимата Енбекшиказахского района от 15 декабря 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы" N 1136
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в постановление акимата Енбекшиказахского района от 15 декабря 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы" N 1136
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 07.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2024 I71423_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13DH002310
- ЭКБ идентификаторы
- 71423
- Редакция идентификаторы
- I71423_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:47
0 Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Еңбекшіқазақ аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 1136 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 17 қаңтарда N 2-8-191 болып тіркелген, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінде 2012 жылдың 03 ақпанында N 06 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Еңбекшіқазақ ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы".
1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Меншік құқығына қарамастан, Еңбекшіқазақ ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін."
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Айсина Қалдыкүл Оспанәліқызы
07 ақпан 2013 жыл