Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2011 года № 1062 "Об утверждении образцов форменной одежды и форменной одежды (без погон), натуральных норм обеспечения ею и знаков различия должностных лиц таможенных органов"

Қаулы · № 950 · қабылданған 12.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-1062/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2011 года № 1062 "Об утверждении образцов форменной одежды и форменной одежды (без погон), натуральных норм обеспечения ею и знаков различия должностных лиц таможенных органов" Күшін жойған Қаулы ·№ 950 ·12.09.2013
15.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2011 года № 1062 "Об утверждении образцов форменной одежды и форменной одежды (без погон), натуральных норм обеспечения ею и знаков различия должностных лиц таможенных органов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 950 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2011 года № 1062 "Об утверждении образцов форменной одежды и форменной одежды (без погон), натуральных норм обеспечения ею и знаков различия должностных лиц таможенных органов"
Атауы (қаз.)
"Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
950
Қабылданған күні
12.09.2013
Көрсетілген редакция
15.07.2015 AI74364_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000950
ЭКБ идентификаторы
74364
Редакция идентификаторы
AI74364_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:18

0 "Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. «Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кеуденің сол жағында кеуде қалталары және қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, шалбары бар көгілдір-сұр немесе көк түсті бір қаусырмалы күнделікті китель»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
11-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ақ түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ақ түсті көйлек;»;
8-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті берет, береттің айналасында зерленген таспа;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қалпақша қалталары бар, жағасы ашық көгілдір түспен көмкерілген, белдемшесі бар көгілдір-сұр немесе көк түсті ашық бір қаусырмалы күнделікті китель;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ашық көк түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі ұзын ақ түсті көйлек;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) иығында негізгі мата түстес паточкалы көгілдір-сұр немесе көк түсті планкасы бар жеңі қысқа ақ түсті көйлек;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдарын нысанды киіммен және нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
«Нысанды киім» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-1, 7-1, 8-1, 9-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1-жолдармен толықтырылсын:
«
5-1.
Бе­рет
1
36
7-1.
Плащ
1
36
8-1.
Шал­ба­ры бар ки­тель
1
24
9-1.
Бел­дем­ше­сі бар ки­тель
1
24
13-1.
Ұзын жең­ді ашық көк тү­сті көй­лек
1
12
14-1.
Қы­сқа жең­ді ашық көк тү­сті көй­лек
1
24
15-1.
Ұзын жең­ді ақ тү­сті көй­лек
1
24
16-1.
Қы­сқа жең­ді ақ тү­сті көй­лек
1
12
»;
«Айырым белгілері» деген кіші бөлімдегі 3, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Күн­де­лік­ті ал­ма­лы-сал­ма­лы по­гон­дар
3
24
9.
Үл­кен жұл­дыз
42
36
10.
Кі­ші жұл­дыз
56
36
»;
«Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімдерінің (погонсыз) айырым белгілері» деген кіші бөлімдегі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
Жең­ге та­ғы­ла­тын күн­де­лік­ті бел­гі
4
24
»;
мынадай мазмұндағы 10-1 деген жолмен толықтырылсын:
«
10-1
Бө­лім­ше­нің ата­уы­мен жең­ге та­ғы­ла­тын бел­гі
4
24
»;
Ескертпе мынадай мазмұндағы «» үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Нысанды киім кеден органдарының лауазымды адамдарына погонсыз беріледі.».
3) көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілерінде:
«Жеңге тағатын белгiлер, кокардалар, эмблемалар, жапсырмалар, бейдждер» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Кеден органдарының арнайы атақтары жоқ лауазымды адамдарының оң қолының жеңіне тағылатын белгісі қалқан нысанындағы мөлшері 110 83 мм көк түсті матаны және ішінде аумақтық бөлімшенің атауы жазылған сегіз бұрышты, жазуы көк түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған, «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған сегіз бұрышты бейнені білдіреді.
Сегіз бұрышты бейненің төменгі бөлігінде «КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» деген жазу бар. Белгінің жиегі бойының ішкі бөлігінде «алтын» түсті жіппен кестелеу әдісімен орындалған масақ жапырақшалары мәнері бар. Жиегі және жазулары ашық көгілдір түсті жіппен жасалған.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы