О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 марта 2011 года № 14-1/113 "Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование в Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 15 марта 2011 года № 14-1/113 "Об утверждении сведений, указываемых в заявлении на выдачу разрешения на специальное водопользование в Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14-1/504
- Қабылданған күні
- 06.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2015 AI60660_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007201
- ЭКБ идентификаторы
- 60660
- Редакция идентификаторы
- AI60660_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:40
0 "Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру рәсімдерінің тәртібін оңайлату, сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 14-1/113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6870 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 178-181 (26583) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтерді бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтер бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы су пайдалануға рұқсат беруге арналған өтініште көрсетілетін мәліметтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Қ.А. Мейрембеков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 14-1/504 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 14-1/113 бұйрығымен
бекітілген
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште көрсетілетін мәліметтер
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1 1. Жеке және заңды тұлғаның мәліметтері:
1 1) жеке тұлғаларды куәландыратын құжаттар, СТН (ЖСН) немесе заңды тұлғалар үшін тіркеу туралы куәлік, СТН (БСН) (№, кім және қашан берген);
2 2) мекен жайы (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, факс);
3 3) филиалдар, өкілдіктер;
4 4) су пайдалануға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны.
2 2. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдалану орындарының координаттары көрсетілген ахуалдық схемасы.
3 3. Су пайдалану мақсаты.
4 4. Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, су пайдаланудың басқа да шарттары.
5 5. Жер үсті суларын (ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жер асты су көзін) алу және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі (текше метр/жыл, текше метр/ай, текше метр/тәулік, литр/секунд).
6 6. Өнім бірлігіне кететін жер үсті, жер асты және сарқынды сулардың үлестік шығыстары.
7 7. Су пайдалануды бастау және аяқтаудың болжанып отырған мерзімі.
8 8. Су пайдаланушының өндірістік қызметіне сипаттама (шығарылатын өнімнің көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын учаскелерінің алаңдары).
9
9. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер осылар өтініш берушіде бар болса, жер үсті және жер асты суларын алу және (немесе) пайдалану жөніндегі пайдалану, өнеркәсіптік және басқа да сарқынды суларды жер беті су объектілеріне ағызу тәжірибесі).