Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 257 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-1539-ekb-121485/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 257 ·11.05.2018
11.05.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 257 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
257
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
11.05.2018 121485_319653.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000257
ЭКБ идентификаторы
121485
Редакция идентификаторы
121485_319653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:

«3. Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлім «Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және мынадай мазмұндағы 82-1-тармақпен толықтырылсын:
«82-1. «Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісімен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында 10 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар мамандар, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан, метрология саласында заңнамалық және нормативтік негіздерді әзірлегені, көп жылғы табысты еңбегі, заманауи педагогикалық және практикалық жетістіктерді оқу процесінде тиімді пайдаланғаны, кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруды елеулі жақсартқаны, метрология саласында абыройлы беделге қол жеткізгені үшін өзге де адамдар марапатталады.»;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:

«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде:
«Төсбелгілер» деген кіші бөлімде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) «Еңбегі сіңген метролог».»;
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
«Еңбегі сіңген метролог» (47-4-қосымша)
«Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісі өлшемі 10 мм және 35 мм тікбұрыш нысанында сары түсті металдан жасалады, оның шегінен тыс шығып тұрған элемент – СК (система качества – сапа жүйесі) аббревиатурасы болады. Белгінің бет жағына көгілдір түсті эмаль жалатылған, жиегін бойлай алтын түсті лентамен көмкерілген.
Белгі аверсінің сол бөлігінде «СК» (система качества – сапа жүйесі) аббревиатурасының бедерлі бейнесі, тікбұрыштың ортасында бүкіл ені бойынша «Еңбегі сіңген метролог» бедерлі жазуы жазылған, барлық әріптер шығыңқы, алтын түсті.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес сипаттамаларға 47-4-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 257 қаулысына
қосымша
Сипаттамаларға
47-4-қосымша
«Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісі
_________________________________________________________

Қолданыстағы