Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 811 · қабылданған 02.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-1539-ekb-149257/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 811 ·02.12.2020
02.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 811 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 «О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
811
Қабылданған күні
02.12.2020
Көрсетілген редакция
02.12.2020 149257_496629.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000811
ЭКБ идентификаторы
149257
Редакция идентификаторы
149257_496629
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:23

0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір

мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде:
«Төсбелгілер» деген кіші бөлімде:
2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) «І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы»;»;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – сипаттамалар)» деген 2-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің төсбелгісі» деген кіші бөлімде:
«I дәрежелі «Шахтер даңқы» (11-қосымша)», «II дәрежелі «Шахтер даңқы» (12-қосымша)» және «III дәрежелі «Шахтер даңқы» (13-қосымша)» деген тараулар алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің төсбелгісі» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын:
«I дәрежелі «Шахтер даңқы» (47-6-қосымша)
I дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметрі бойынша кертпесі бар алтын түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедеріне қызыл мөлдір эмаль жағылған. Төсбелгінің орталық бөлігінде кен балғалары айқаса орналасып, олардың төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лента өткен. Төменгі бөлігінде «І» рим цифры бар сопақша орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл және ақ жолақтары V тәріздес нысанда кезектесе орналасқан, ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм көк реңді тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«II дәрежелі «Шахтер даңқы» (47-7-қосымша)
IІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметрі бойынша кертпесі бар күміс түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедеріне қызыл мөлдір эмаль жағылған. Төсбелгінің орталық бөлігінде кен балғалары айқаса орналасып, олардың төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лента өткен. Төменгі бөлігінде «II» рим цифры бар сопақша орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл және ақ жолақтары V тәріздес нысанда кезектесе орналасқан, ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм көк реңді тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
«III дәрежелі «Шахтер даңқы» (47-8-қосымша)
IІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі диаметрі 52 мм бес бұрышты жұлдыз нысанында және периметр бойынша кертпесі бар қола түстес металдан дайындалады.
Бес бұрышты жұлдыздың бедеріне қызыл мөлдір эмаль жағылған. Төсбелгінің орталық бөлігінде кен балғалары айқаса орналасып, олардың төменгі жағынан «ШАХТЕР ДАҢҚЫ» деген жазуы бар ақ лента өткен. Төменгі бөлігінде «IІІ» рим цифры бар сопақша орналасқан.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы қызыл және ақ жолақтары V тәріздес нысанда кезектесе орналасқан, ені 37 мм және биіктігі 11,5 мм көк реңді тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
11, 12, 13-қосымшалар алып тасталсын;
осы қаулыға 1, 2, және 3-қосымшаларға сәйкес сипаттамаларға 47-6, 47-7, және 47-8-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Сипаттамаларға
47-6-қосымша
І дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Сипаттамаларға
47-7-қосымша
ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Сипаттамаларға
47-7-қосымша
ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісі

Қолданыстағы