Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Қаулы · № 1795 · қабылданған 29.12.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-1539-ekb-70244/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 1795 ·29.12.2012
29.12.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 1795 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1795
Қабылданған күні
29.12.2012
Көрсетілген редакция
29.12.2012 AI70244_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001795
ЭКБ идентификаторы
70244
Редакция идентификаторы
AI70244_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:03

0 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі»

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 8, 159-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі»
69. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуда көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі, мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары қызметі саласындағы жоғары жетістіктері, маңызды мемлекеттік (мемлекетаралық) мәні бар жобалау құжаттамаларын әзірлегені, бейінді маман кадрларын даярлау саласында сіңірген еңбегі үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мүдделерін қорғағаны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді дамытқаны, инновациялық технологияларды енгізгені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар бойынша қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды әзірлегені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметі саласындағы халықаралық, республикалық, салалық (секторалдық) және басқа да бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы табыстары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының біліктілігі жоғары мамандары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де адамдар марапатталады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамаларында:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде:
«Төсбелгілер» деген кіші бөлімнің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері.»;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» (бұдан әрі – Сипаттамалар)» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері»
(45-қосымша)
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісі мыс пен никель қорытпасынан, диаметрі 28 милиметр және қалыңдығы 2 милиметр дөңгелек нысанында дайындалады.
Белгінің бет жағында шартты түрде өрнектелген шаңырақты айналдыра «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» деген жазу шығыңқы орналастырылады. Шаңырақтың іші және жазу қара қою-көгілдір түсті эмальмен боялады.
Белгінің сыртқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылады. Белгінің қыры тегіс.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 25 мм және биіктігі 15 мм қою-көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес сипаттамаларға 45-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1795 қаулысына
қосымша
Сипаттамаларға
45-қосымша
».

Қолданыстағы