Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Қаулы · № 38 · қабылданған 25.01.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-1539-ekb-70816/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 38 ·25.01.2013
25.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 38 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
25.01.2013
Көрсетілген редакция
25.01.2013 AI70816_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000038
ЭКБ идентификаторы
70816
Редакция идентификаторы
AI70816_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:53

0 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
«Ведомстволық наградалармен марапаттау негiздемелерi» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Статистика үздігі» төсбелгісі»
70. «Статистика үздігі» төсбелгісімен жұмыста жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, статистика саласында заң жобаларын және заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, статистикалық қызметті жетілдіру бойынша теориялық білімдерді тәжірибеге енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін статистика саласының қызметкерлері марапатталады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде және сипаттамасында:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде «Төсбелгілер:» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі:
«Статистика үздігі»;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» (бұдан әрі – Сипаттамалар) деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төсбелгісі
«Статистика үздігі»
(46-қосымша)
«СТАТИСТИКА ҮЗДІГІ» төсбелгісі латунь қорытпасынан жасалған және бір-бірінің үстіне салынған түрлі-түсті 2 (екі) бөліктен тұрады.
Жоғарғы таған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен көмкерілген тікбұрыш нысанында болады.
Төменгі жазықтық диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Орталық жазықтығы көгілдір эмальмен жабылған диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Жазықтық шеңберге тұйықталған жеті бірдей фрагменттен орындалған. Фрагменттер ақ эмальдың үстінде латуньнан жасалған оюдан (сары түсті) тұрады.
Ортасында диаметрі 24 мм дұрыс шеңбер нысанындағы үшінші жазықтық орналасқан. Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі эмблемасының фрагментін, жазу мен лавр дестесін қамтитын композиция орналасқан. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің эмблемасы фрагментінің бейнесі диаграмма түрінде айшықталған сәулелі күн бейнесінде. Эмблеманың жоғарғы жағы «СТАТИСТИКА ҮЗДІГІ» деген жазумен, төменгі жағы лавр бұтағымен жиектелген.
Жоғарғы және төменгі бөліктері өзара құрамдас бөліктердің бірлігін білдіретін шығыршықпен жалғанған.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сипаттамаларға 46-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 38 қаулысына
қосымша
Сипаттамаларға 46-қосымша
«Статистика үздігі» төсбелгісі»

Қолданыстағы