Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Қаулы · № 430 · қабылданған 30.04.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-1539-ekb-72430/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 430 ·30.04.2013
30.04.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 430 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 1539 "О ведомственных наградах некоторых государственных органов, входящих в структуру Правительства Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақcтан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
430
Қабылданған күні
30.04.2013
Көрсетілген редакция
30.04.2013 AI72430_0.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000430
ЭКБ идентификаторы
72430
Редакция идентификаторы
AI72430_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:08

0 "Қазақcтан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
мынадай мазмұндағы «Үздік байланысшы» төсбелгісі» деген кіші бөліммен және 71 және 72-тармақтармен толықтырылсын:
«71. «Үздік байланысшы» төсбелгісімен ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметкерлер еңбекте жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені үшін, қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапты орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсіпқойлық танытатын, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы еңбек сіңірген жылдары 15 жыл және одан көп қызметкерлер марапатталады.
72. Ерекше жағдайларда бұл белгімен ақпараттандыру және байланыс саласында ерекше сіңірген еңбегі үшін басқа салаларда жұмыс істейтін адамдар марапатталады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде және сипаттамаларында:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген бөлімде:
«Төсбелгілер:» деген кіші бөлімде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Үздік байланысшы».»;
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің төсбелгілері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы «Үздік байланысшы» деген тараумен толықтырылсын:
«Үздік байланысшы» (47-қосымша)
«Үздік байланысшы» төсбелгісі ені 30,6 мм диаметрлі шеңбер нысанын білдіреді. Төсбелгі сары түсті металдан (латунь) дайындалған.
Төсбелгіні дайындауда көгілдір, ақ, жасыл түсті эмальдар пайдаланылады.
Белгінің бет жағында ортасында ақ түстің аясында: жасыл түспен Қазақстан Республикасы картасының бедері, сары түспен телевизиялық мұнара және радиотолқынның шоғырланған шеңберлері бейнеленген. Белгінің орта шеңберінде көгілдір түс аясында «ҮЗДІК БАЙЛАНЫСШЫ», «ҚАЗАҚСТАН» деген сары түсті жазулар орналасқан. Белгінің сыртқы жиек шеңберінде радиалды бедерлі кетіктер салынған.
Белгі құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 25 мм және биіктігі 15 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
Белгі визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы киімге бекітіледі.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 47-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 430 қаулысына
қосымша

47 «Үздік байланысшы» төсбелгісі

Сипаттамаларға
47-қосымша
«Үздік байланысшы» төсбелгісі

Қолданыстағы