Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 15 июля 2011 года № 1619/23 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"

Қаулы · № 299/5 · қабылданған 07.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-161923/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 15 июля 2011 года № 1619/23 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан" Күшін жойған Қаулы ·№ 299/5 ·07.02.2012
24.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 15 июля 2011 года № 1619/23 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 299/5 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Павлодара от 15 июля 2011 года № 1619/23 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан"
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 1619/23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
299/5
Қабылданған күні
07.02.2012
Көрсетілген редакция
24.12.2012 AI63814_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PA000183
ЭКБ идентификаторы
63814
Редакция идентификаторы
AI63814_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:08

0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 1619/23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Павлодар қалалық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсанда "2012 – 2014 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы" № 63/40 шешіміне сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 1619/23 "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-1-174 тіркелген, № 23 "Шаһар" газетінде 2011 жылғы 12 тамызда, № 32 "Версия" газетінде 2011 жылғы 15 тамызда жарияланған) № 1619/23 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
10) тармақшада:
екінші абзацтағы "4 кезеңдегі" деген сөзі "3, 4 кезеңдері" деген сөздерімен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "10000 (он мың)" деген сөздері "15000 (он бес мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы "5000 (бес мың)" деген сөздері "10000 (он мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы "4000 (төрт мың)" деген сөздері "4 АЕК (айлық есептік көрсеткіш)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
21) тармақшада:
үшінші абзацта "7000 (жеті мың)" деген сөздері "10000 (он мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "3000 (үш мың)" деген сөздері "5000 (бес мың)" деген сөздерімен ауыстырылсын;
24) тармақшадағы "тоқсан сайынғы" деген сөзі "ай сайын" деген сөздерімен ауыстырылсын, сондай-ақ "үш айлық есептік көрсеткіш" деген сөздері "бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздерімен ауыстырылсын;
31) тармақшада:
бірінші абзацта "тоқсан сайын әлеуметтік көмек көрсету" деген сөздері алынып тасталсын;
екінші абзацта "ҰОС мүгедектері мен қатысушылары" деген сөздерінің алдындағы "ай сайынғы әлеуметтік көмек" деген сөздері қосылсын, сондай-ақ "тоқсан" деген сөзі "ай" деген сөзіне ауыстырылсын;
бесінші абзацта "жалпы соманың мөлшерінде" деген сөздерінің алдында "тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек" деген сөздерімен қосылсын;
он бірінші абзацта "екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі" деген сөздерінің алдында "тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек" деген сөздерімен қосылсын;
34) тармақшадағы "10" деген сандары "15" деген сандарымен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 35) және 36) тармақшаларымен толықтырылсын:
"35) үшем туған әйелдерге бір жолғы әлеуметтік көмек.
Отбасына 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде төлем жылына бір рет жүргізіледі;
36) шипажайларда жас мөлшері бойынша зейнеткерлерді сауықтыру үшін 49000 (қырық тоғыз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек.";
2-тармақта:
7) және 8) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"7) жетектеушіге мұқтаж және қозғалуда қиындық көретін мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды, тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші топтағы мүгедектерді, арбалы–мүгедектерді арнайы автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру бойынша.
Көлік тасымалдауын, мүгедектерге арналған арбаларды жөндеу және техникалық қызметтер көрсету түрінде қызмет көрсетіледі;
8) көп қабатты ғимаратқа баспалдақ аралығынан көтерілгіш құралының көмегімен арбалы-мүгедектерді тасымалдау бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бойынша.
Бір адамға ай сайын қызмет орта айлық құны өткізілетін мемлекеттік сатып алу қызметі негізінде анықталады;";
келесі мазмұндағы 9) және 10) тармақшаларымен толықтырылсын:
"9) мұқтаж мүгедектерге тифло-сурдотехникалық құралдарды жөндеу бойынша.
Қызмет көрсету құны өткізілген мемлекеттік сатып алу қызметіне сәйкес анықталады;
10) 1, 2 топтағы мүгедек-әйелдерді психологиялық сауықтыру мен әлеуметтік бейімдеу.
Қызмет көрсету құны мемлекеттік сатып алу қызметіне сәйкес анықталады.".

2 2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жариялауды және белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. М. Қанафинаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы