Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 309 "Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности"

Бұйрық · № 545 · қабылданған 07.12.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/15-2011-no-309-ekb-69656/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 309 "Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 545 ·07.12.2012
16.06.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 309 "Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 545 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 июля 2011 года № 309 "Об утверждении Методики оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности"
Атауы (қаз.)
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
545
Қабылданған күні
07.12.2012
Көрсетілген редакция
16.06.2023 69656_639860.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200008186
ЭКБ идентификаторы
69656
Редакция идентификаторы
69656_639860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:35

0 "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 және «Қазақстанская правда» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 253-257 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-қосымшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Соңғы 5 жылдағы мәліметтерді ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде құрылған субъектілерге қолданылмайды. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің халықаралық шарттарға жататыны халықаралық шартта анықталған субъекті мен атқарушы орган арасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған Келісім (шарт, келісім-шарт) түрінде расталады.».

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы